Оқиға

Жамбыл облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті

© Photo : Пресс-служба КТЖГрузовой поезд
Грузовой поезд - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Жамбыл облысының Аспара станциясындағы жүк вагондары жолдан шығып кетті, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы компаниясының баспасөз қызметі.
Компанияның мәліметінше, 17 шілде сағат 01:05-те Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара станциясында жүк вагондары жолдан шығып кеткен.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Аталған жағдай жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне әсер етті. Барлық пойыз ауыз сумен қамтамасыз етілген, вагон-мейрамханалар жұмыс істеп тұр", - делінген компания хабарламасында.
Болған жағдайдың себептерін анықтау үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында арнайы комиссиясы құрылды.
Шымкентте 18 вагон аударылып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2023
Шымкентте 18 вагон аударылып кетті – фото
Жаңалықтар
0