Витебскідегі "Славян базары" байқауында тағы бір қазақстандық жүлделі орын алды

© PhotoВитебскідегі "Славян базары" байқауында тағы бір қазақстандық жүлделі орын алды
Витебскідегі  Славян базары байқауында тағы бір қазақстандық жүлделі орын алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. "Витебскідегі Славян базары" халықаралық ән байқауында қазақстандық әнші Құралай Мейрамбек үшінші орын алды, деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі.
Екі күндік байқау қорытындысы бойынша армениялық талант Маша Мнджоян бас жүлде алса, бірінші орын – беларусь әншісі Самир Елчиевке бұйырды. Екінші орынды – ресейлік Елизавета Слышкина мен италиялық Agape бөлісті. Ал үшінші орынды – қазақстандық Құралай Мейрамбек пен өзбекстандық Малика Хакимова иеленді.
"Славян хиті" байқауында Құралай беларусь халқының "Рэчанька" әнін шырқап, 70 ұпайдың 69-ын еншіледі.
Байқаудың екінші күні "Әлемдік хит" сайысында қазақстандық әнші "Frozen 2" анимациялық фильміндегі "Into the unknown" саундтрегін орындап, 63 ұпай жинады.
Бұған дейін балалар арасындағы "Славян базарында" 12 жастағы қазақстандық Шерхан Арыстан бас жүлдені жеңіп алған еді.
Казахстанец завоевал гран-при детского Славянского базара в Витебске - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2023
12 жастағы қазақстандық Витебскідегі "Славян базарында" бас жүлде алды
Жаңалықтар
0