12 жастағы қазақстандық Витебскідегі "Славян базарында" бас жүлде алды

© Photo : BelTaКазахстанец завоевал гран-при детского "Славянского базара" в Витебске
Казахстанец завоевал гран-при детского Славянского базара в Витебске - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. 12 жастағы қазақстандық әнші Шерхан Арыстан "Витебск" XXI халықаралық балалар ән байқауында бас жүлде алды, деп хабарлайды БЕЛТА.
Жас талантқа "Витебсктегі Славян базары" XXXII Халықаралық өнер фестивалінің ашылу салтанатында балалық арасындағы конкурстың бас жүлдесі табысталды. Оны Беларусь президенті Александр Лукашенко тапсырды.
Конкурстың қазылар алқасы Шерханға екі күннің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай – 140 балл қойды. Осылайша, ол барлық қарсыласынан озып кетті. Беларусь әншісі София Рустамова қазақстандық жас таланттан 4-ақ ұпайға қалып қойды.
Байқаудың алғашқы күні Шерхан Андреа Бочелли, Дэвид Фостер мен Эми Фостердің "Ama, Credi e Vai" композициясын орындады. Жас әнші өзінің туған елі – Қазақстанда эстрада жұлдызы болуды армандайтынын айтты.
Әлинұр Хамзин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2022
Әлинұр Хамзин Витебскідегі "Славян базарында" екінші орын алды
Жаңалықтар
0