Астанада батут отқа оранды

Өрт сөндіру көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Астанадағы сауда және ойын-сауық орталығында батут өртенді, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Ресми мәліметке сәйкес, түскі уақытта "Аружан" сауда үйінің үшінші қабатында батуттың жанғаны туралы ақпарат түскен. Өрт сөндірушілер бірден оқиға орнына аттанды.
"Құтқарушылар келгенде адамдар өздері далаға шығып кеткен. Түтін болды. Өртті сауда орталығының мамандары өрт сөндіргішпен өшірді. Зардап шеккендер жоқ", - дейді департамент мамандары.
Өрт кезінде батуттың 1 шаршы метрі жанып кетті.
Горящий автобус, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2023
Оралда оқушылар мінген автобус өртенді
Жаңалықтар
0