https://sputnik.kz/20230613/oralda-oqushylar-mingen-avtobus-ortendi-35922303.html
Оралда оқушылар мінген автобус өртенді
Оралда оқушылар мінген автобус өртенді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Орал қаласында балаларды алып бара жатқан автобус отқа оранды. 13.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-13T21:46+0500
2023-06-13T21:46+0500
2023-06-13T21:46+0500
орал
автобус
https://sputnik.kz/img/353/94/3539466_0:209:4000:2459_1920x0_80_0_0_3ba79e5b9aeebe2961520d6846c47bf2.jpg
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Орал қаласында балаларды алып бара жатқан автобус отқа оранды.Оқиға 13 маусым күні Г. Бельгер көшесінде болды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.Автобустың 1986 жылғы Т. есімді жүргізушісі көлік құралын техникалық тексеруден өтпей, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырған, міндетті сақтандыру полисі болмаған. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. "Еңбек кодексінің 64-бабы 1-тармағының 3-тармақшасын бұзғаны үшін "Балауса" мектеп жанындағы балалар лагерінің қатысушыларын кинотеатрға баруын жүзеге асыру кезінде жауапкершілік танытпай, 13 маусым күнгі №52 бұйрығымен №26 мектеп директоры “Балауса” лагерінің жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды", - деп хабарлады министрліктегілер. Балаларды тасымалдау кезінде полиция қызметкерлерінің жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алып жүру мақсатында мектеп тарапынан БҚО ПБ-ге ешқандай сұраныс түспеген.
https://sputnik.kz/20230613/almatyda-avtobus-qorshauga-sogyldy-eki-zholaushy-aurukhanaga-zhetkizildi-35911204.html
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/353/94/3539466_222:0:3778:2667_1920x0_80_0_0_05ab32c4684feffa7f71de890143fef2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, автобус
Оралда оқушылар мінген автобус өртенді
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Орал қаласында балаларды алып бара жатқан автобус отқа оранды.
Оқиға 13 маусым күні Г. Бельгер көшесінде болды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
"Сағат 12.40-та Г. Бельгер көшесіндегі 114-үй тұсында "ПАЗ" жеке автобусы отқа оранды. Тілсіз жау сағат 13.09-да оқшауланып, 13.14-те ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 6 адам (1 техника) жұмыс істеді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде", - делінген хабарламада.
Автобустың 1986 жылғы Т. есімді жүргізушісі көлік құралын техникалық тексеруден өтпей, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырған, міндетті сақтандыру полисі болмаған.
Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Еңбек кодексінің 64-бабы 1-тармағының 3-тармақшасын бұзғаны үшін "Балауса" мектеп жанындағы балалар лагерінің қатысушыларын кинотеатрға баруын жүзеге асыру кезінде жауапкершілік танытпай, 13 маусым күнгі №52 бұйрығымен №26 мектеп директоры “Балауса” лагерінің жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды", - деп хабарлады министрліктегілер.
Балаларды тасымалдау кезінде полиция қызметкерлерінің жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алып жүру мақсатында мектеп тарапынан БҚО ПБ-ге ешқандай сұраныс түспеген.