Көлік бағасы неге көтерілді – тексерістің нәтижесі жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстандағывтосалон
Қазақстандағывтосалон - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі автокредит нарығына талдау жасап, көліктің не себепті қымбаттағанын анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2022 жылы жеңілдетілген автокредит бағдарламасы кезінде автомобиль өндіруші компаниялар арасында, тіпті бағдарламаға қатысатын екінші деңгейлі банктер арасында бәсекелестік шектелді. Себебі үкімет қаулысы негізінде берілген 100 миллиард теңгені автоөндірушілер өзара бөлісіп алды. 2022 жылғы 13 мамырда өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдері комиссиясының хаттамасы да бар.
Ал бағдарлама операторы – өнеркәсіпті дамыту қоры ақшаны екінші деңгейлі төрт банкке бөлгенде әрбір өндіруші үшін қаржыландыру лимитін, яғни қарыз сомасының шегін белгілеп берді.
"Жалпы алғанда жеңілдетілген автокредит бағдарламасын қаржыландыру кезінде халықтың сұранысын қанағаттандыратын көлемде отандық құрастырылған автокөліктермен алдын ала қамтамасыз етілмеді, ал бұл автокөлік бағасының өсуіне себеп болды", - деп есептейді ведомство.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2023
4 проценттік автокредит: банктер "жоғары жақтың" шешімін күтіп отыр
Жаңалықтар
0