https://sputnik.kz/20230714/bas-prokuratura-5-zhasar-qyzdyn-olimine-qatysty-malimdeme-zhasady-36807756.html
Бас прокуратура 5 жасар қыздың өліміне қатысты мәлімдеме жасады
Бас прокуратура 5 жасар қыздың өліміне қатысты мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Бас прокуратура Түркістан облысындағы қайғылы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 14.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-14T19:47+0500
2023-07-14T19:47+0500
2023-07-14T19:57+0500
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/old/918/15/9181543_0:62:1205:739_1920x0_80_0_0_fd14f727f1a1b232598776422fa72283.jpg
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Бас прокуратура Түркістан облысындағы қайғылы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."13 шілдеде Түркістан облысының Сарыағаш ауданында зорлықпен өлтірілген қыздың мәйіті табылғаны белгілі. Сол күні полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотталған аудан тұрғыны Г. ұстады. Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деп жазылған хабарламада.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр.Бас прокуратура аталған үкімге жазаны қатаңдату және бас бостандығынан айыруды тағайындау туралы кассациялық наразылық келтірді."Пробациялық бақылауда болған Г. аса ауыр қылмыс жасағанын ескере отырып, пробация қызметінің қызметкерлеріне қатысты салғырттық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - дейді ведомство мамандары.Президенттің тапсырмасына сәйкес жеке адамға қарсы аса қауіпті қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулер топтамасы әзірленіп жатыр."Осы қылмыстар бойынша санкцияларды қайта қарау, жазаларды тағайындау және одан босату, соттылығын өтеу тәртібін, жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан адамдарға әкімшілік қадағалауды белгілеу шарттарын өзгерту мәселелері пысықталуда", - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысы бас прокурордың жеке бақылауына алынды.
https://sputnik.kz/20230714/saryagashta-5-zhasar-qyzdy-oltirip-ketti-toqaev-tapsyrma-berdi-36790433.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/918/15/9181543_68:0:1135:800_1920x0_80_0_0_222c92272cffd3c3dc825220861a2e9a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы
Бас прокуратура 5 жасар қыздың өліміне қатысты мәлімдеме жасады
19:47 14.07.2023 (жаңартылды: 19:57 14.07.2023) АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Бас прокуратура Түркістан облысындағы қайғылы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "13 шілдеде Түркістан облысының Сарыағаш ауданында зорлықпен өлтірілген қыздың мәйіті табылғаны белгілі. Сол күні полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотталған аудан тұрғыны Г. ұстады. Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр.
"Күдікті Г. 2006 жылы адам өлтіргені үшін 10 жылға сотталғаны анықталды. 2023 жылдың мамырында Г. алкогольдік ішімдік ішу барысында ауылдасын балтамен ұрғаны үшін сотталған. Сот Г. жәбірленушімен татуласқанын және оның бұрынғы соттылығы өтелгенін ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілей отырып, 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған", - деп түсіндірді Бас прокуратура.
Бас прокуратура аталған үкімге жазаны қатаңдату және бас бостандығынан айыруды тағайындау туралы кассациялық наразылық келтірді.
"Пробациялық бақылауда болған Г. аса ауыр қылмыс жасағанын ескере отырып, пробация қызметінің қызметкерлеріне қатысты салғырттық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - дейді ведомство мамандары.
Президенттің тапсырмасына сәйкес жеке адамға қарсы аса қауіпті қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулер топтамасы әзірленіп жатыр.
"Осы қылмыстар бойынша санкцияларды қайта қарау, жазаларды тағайындау және одан босату, соттылығын өтеу тәртібін, жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан адамдарға әкімшілік қадағалауды белгілеу шарттарын өзгерту мәселелері пысықталуда", - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысы бас прокурордың жеке бақылауына алынды.