Президент Нидерланд премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттемен сөйлесті

© Photo : Президенттің баспасөз қызметіПрезидент Нидерланд премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттемен сөйлесті
Президент Нидерланд премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттемен сөйлесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд gремьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Нидерланд арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларына баса мән бере отырып, екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері қарастырылды.
Нидерланд еліміздің экономикасына тікелей инвестиция құю жөнінен бірінші орында тұр. 2022 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық 26 пайызға артып, 6 миллиард долларға жақындады.
Марк Рютте екі елдің арасындағы қарым-қатынастарға жоғары баға берді. Оның айтуынша, Нидерланд Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктес ретінде қарастырады.
Халықаралық күн тәртібін талқылау аясында президент бейбітшілік пен келісім үшін барлық елдің жан-жақты ынтымақтастығын БҰҰ жарғысының қағидаттарына сай жолға қою маңызды екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев  пен Режеп Тайип Ердоған - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2023
Тоқаев Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті
Жаңалықтар
0