Тоқаев Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті

© Пресс-служба президента Казахстана / Медиабанкке өтуҚасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған
Қасым-Жомарт Тоқаев  пен Режеп Тайип Ердоған - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Екі ел басшылары бір-бірін Құрбан айт мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Түркияның бауырлас халықтарына игілік пен бақ-береке тіледі.
Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Сонымен қатар былтыр мемлекет басшысының Анкараға және Түркия президентінің Астанаға жасаған мемлекеттік сапарлары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыруға баса мән берілді.
Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Таийп Ердоған, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2023
Тоқаевқа Түркия президенті хат жолдады
Жаңалықтар
0