https://sputnik.kz/20230712/mausym-ayynda-zhyldyq-inflyatsiya-146-ke-deyin-tomendedi-36734970.html
Маусым айында жылдық инфляция 14,6%-ке дейін төмендеді
Маусым айында жылдық инфляция 14,6%-ке дейін төмендеді
Sputnik Қазақстан
Инфляция осымен төрт ай қатарынан төмендеп келеді 12.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-12T09:45+0500
2023-07-12T09:45+0500
2023-07-12T09:45+0500
инфляция
қазақстан
https://sputnik.kz/img/318/09/3180979_0:183:3505:2154_1920x0_80_0_0_1a42542d656e9396ff84cf30c260cad4.jpg
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Қазақстанда инфляция маусым айында жылдық мәнде 14,6%-ке жетті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, әлемде азық-түлік бағасының төмендеуі және сауда әріптес елдеріндегі инфляцияның төмендеуі инфляцияға тежеуші ықпал етеді. Проинфляциялық тәуекелдер ішкі факторлар тарапынан сақталып отыр. Ол – инфляциялық болжаулардың жоғары деңгейде орнығу ықтималы, фискалдық ынталандырудың күшеюі, жанар-жағармай мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметтері бағасының өсуінен болатын барынша күшті жанама әсер.Тутушкин 5 шілдеде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдағанын еске салды."Инфляцияның баяулауы болашақта базалық мөлшерлемені біртіндеп төмендету үшін жағдай жасауда. Болжамдық раунд нәтижесін негізге ала отырып, базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім қабылдау кезінде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жан-жақты қарау арқылы төмендету орындылығын бағалайды", - деді төраға орынбасары.
https://sputnik.kz/20230712/zhyl-basynan-beri-qazaqstannyn-zhalpy-ishki-onimi-5-ke-osti-36734698.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/318/09/3180979_194:0:3309:2336_1920x0_80_0_0_0c58de2e160cb7625e75699b37785ed4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инфляция, қазақстан
Маусым айында жылдық инфляция 14,6%-ке дейін төмендеді
Инфляция осымен төрт ай қатарынан төмендеп келеді
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Қазақстанда инфляция маусым айында жылдық мәнде 14,6%-ке жетті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазақстанда инфляция маусым айында жылдық мәнде 14,6%-ке жетіп, төрт ай қатарынан төмендеуде. Маусымдық факторлардан азық-түлік инфляциясының тұтыну бағаларының жалпы өсуіне қосатын үлесі азаюда. Ұлттық банк инфляция осы жылдың соңына қарай 11-14%-ке дейін баяулайды деп болжап отыр", - деді Тутушкин үкімет отырысында.
Оның айтуынша, әлемде азық-түлік бағасының төмендеуі және сауда әріптес елдеріндегі инфляцияның төмендеуі инфляцияға тежеуші ықпал етеді. Проинфляциялық тәуекелдер ішкі факторлар тарапынан сақталып отыр. Ол – инфляциялық болжаулардың жоғары деңгейде орнығу ықтималы, фискалдық ынталандырудың күшеюі, жанар-жағармай мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметтері бағасының өсуінен болатын барынша күшті жанама әсер.
Тутушкин 5 шілдеде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдағанын еске салды.
"Инфляцияның баяулауы болашақта базалық мөлшерлемені біртіндеп төмендету үшін жағдай жасауда. Болжамдық раунд нәтижесін негізге ала отырып, базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім қабылдау кезінде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жан-жақты қарау арқылы төмендету орындылығын бағалайды", - деді төраға орынбасары.