https://sputnik.kz/20230711/prezident-lrt--qarazhat-bolindi-biraq-naqty-natizhe-zhoq-36716745.html
Президент LRT жайлы: біраз қаражат бөлінді, бірақ нақты нәтиже жоқ
Президент LRT жайлы: біраз қаражат бөлінді, бірақ нақты нәтиже жоқ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы LRT құрылысын тездетіп аяқтауды тағы бір мәрте тапсырды, деп хабарлайды Ақорда. 11.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-11T13:41+0500
2023-07-11T13:41+0500
2023-07-11T13:41+0500
елорда тынысы
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0a/33746700_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_307adab04abcbc47dc271e802cf4ddfc.png
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы LRT құрылысын тездетіп аяқтауды тағы бір мәрте тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.Оның пікірінше, мәселені оңтайлы шешпесе, экономикалық шығынға тап боламыз. Адамдар уақыт жоғалтады, қалаға экологиялық зиян келеді.Сондай-ақ, мемлекет басшысының айтуынша, көлік саласындағы жағдайдың ушығуына көші-қон мәселесі де ықпал етіп отыр. Жыл сайын Астанаға 50-60 мың адам келеді. Бұдан бөлек, күн сайын жақын маңдағы елді мекендерден 150 мың адам келіп кетеді."Мұның бәрі инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымға айтарлықтай салмақ түсіреді. Сол себепті көші-қон үдерісін тиімді реттеу қажет, яғни, пәрменді шаралар қабылдау керек. Негізінен, көп адам қалаға жақын жерлерден жұмыс істеуге келеді. Сондықтан бұл саланы нақты реттеп, бақылау күшейтілуге тиіс", - деп тапсырды президент.Бұдан бөлек Тоқаев жуырда Алматыға сапары барысында қоғамдық көлікті және электронды билет сату жүйесін басқару орталығының жұмысымен танысқанын айтты."Бұл саладағы цифрландыру ісі өзінің тиімділігі жоғары екенін көрсетіп отыр. Сондықтан елорда әкіміне Алматының оң тәжірибесін ескере отырып, қоғамдық көлікті диспетчерлік басқару жүйесін қолданысқа енгізуді және дамытуды тапсырамын", - деді ол.
https://sputnik.kz/20230711/toqaev-zhenis-qasymbekke-bir-zhyl-uaqyt-berdi-36713336.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0a/33746700_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_294c719f56a120fb3d60d9cdea0ee746.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Президент LRT жайлы: біраз қаражат бөлінді, бірақ нақты нәтиже жоқ
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы LRT құрылысын тездетіп аяқтауды тағы бір мәрте тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мен қаңтарда LRT-ға қатысты жұмысты тездетіп аяқтауды тапсырдым. Нақты мерзімдер айқындалды. Тұрғындарға уәде берілді. Енді осы жобаны дер кезінде аяқтау керек. Бұл жұмысқа біраз қаражат бөлінді. Бірақ, нақты нәтиже жоқ. Көлік мәселесін шешуді соза берсек, қала кептелістен көз ашпайды. Бұл үлкен дағдарыс тудыруы мүмкін", - деп мәлімдеді Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.
Оның пікірінше, мәселені оңтайлы шешпесе, экономикалық шығынға тап боламыз. Адамдар уақыт жоғалтады, қалаға экологиялық зиян келеді.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының айтуынша, көлік саласындағы жағдайдың ушығуына көші-қон мәселесі де ықпал етіп отыр. Жыл сайын Астанаға 50-60 мың адам келеді. Бұдан бөлек, күн сайын жақын маңдағы елді мекендерден 150 мың адам келіп кетеді.
"Мұның бәрі инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымға айтарлықтай салмақ түсіреді. Сол себепті көші-қон үдерісін тиімді реттеу қажет, яғни, пәрменді шаралар қабылдау керек. Негізінен, көп адам қалаға жақын жерлерден жұмыс істеуге келеді. Сондықтан бұл саланы нақты реттеп, бақылау күшейтілуге тиіс", - деп тапсырды президент.
Бұдан бөлек Тоқаев жуырда Алматыға сапары барысында қоғамдық көлікті және электронды билет сату жүйесін басқару орталығының жұмысымен танысқанын айтты.
"Бұл саладағы цифрландыру ісі өзінің тиімділігі жоғары екенін көрсетіп отыр. Сондықтан елорда әкіміне Алматының оң тәжірибесін ескере отырып, қоғамдық көлікті диспетчерлік басқару жүйесін қолданысқа енгізуді және дамытуды тапсырамын", - деді ол.