Ерейментауда ер адам он жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2023
Жазылу
КӨКШЕТАУ, 10 шілде - Sputnik. Ақмола облысының тұрғыны он жастағы қызды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Полицейлерге оқиға туралы елордалық аурухананың медбикесі хабарлаған. Медбикенің айтуынша, 10 жастағы қыздың оң жамбасы сынған.
Тәртіп сақшылары қыздың ата-анасынан болған жағдай туралы сұрап білді.
"Қыз үйінің жанындағы дүкеннен қайтып келе жатқанда, оны көлік қағып кеткен. Оқиғаның куәгерлерін анықтадық, олар ВАЗ-21012 көлігінің жолға шығып кетіп, баланы қағып, әрі қарай қашып кеткенін растады", - деді Ақмола облысының полиция департаменті.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер тізгінге ие бола алмай, жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен 30 жастағы жүргізушіні анықтады.
Сараптама тағайындалды. Дәрігердің қорытындысына сәйкес, жүргізуші "ауыр" дәрежеде мас күйінде болған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жетісу облысында тасжолда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып өлтірді - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2023
Жетісу облысында тасжолда жүргізуші 44 жастағы адамды қағып өлтірді
Жаңалықтар
0