Жетісу облысында тасжолда жүргізуші 44 жастағы адамды қағып өлтірді

© Photo : Polisia.kzЖетісу облысында тасжолда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Жетісу облысында тасжолда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып өлтірді - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. Алматы-Өскемен тас жолында ер адам шетелдік көліктің астына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 4 шілдеде Жетісу облысының Кербұлақ ауданында болған.
"Lexus ES 300" автокөлігін тізгіндеген 34 жастағы ер адам Алматы-Өскемен тасжолының 177 шақырымында жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды.
"Қаза тапқан адам Көксу ауданының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның елсіз далада түнгі трассада жүру себебін қазір полицейлер анықтап жатыр", - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар белгіленіп, тергеу амалдары басталды.
Автокөлік арнайы автотұраққа қамалды.
Жетісу облысында жол апатынан зейнеткер көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2023
Жетісу облысында жол апатынан зейнеткер көз жұмды
Жаңалықтар
0