Жетісу облысында жол апатынан зейнеткер көз жұмды

© Photo : Жетісу облыстық полиция департаментіЖетісу облысында жол апатынан зейнеткер көз жұмды
Жетісу облысында жол апатынан зейнеткер көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2023
Жазылу
АСТАНА. 1 шілде – Sputnik. Алматы-Өскемен тасжолының 208-шақырымында Toyota Camry жол бойындағы металл қоршауға соғылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның мәліметінше, шетелдік көліктің жүргізушісі 40 жастағы әйел рөлді тізгіндей алмай қалған.
Салдарынан оқиға орнында 73 жастағы әйел көз жұмды. Әр түрлі жарақаттарымен көлік жүргізушісі жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.
Жол апаты автомобильдің нашар техникалық жағдайына, яғни талаптарға сай келмейтін дөңгелектің жарылып кетуіне байланысты болды деп болжанып отыр.
Жетісу облысында жол апатынан бір адам көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2023
Жетісу облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Жаңалықтар
0