Елорда маңындағы елді мекендерді көркейту қажет – Тоқаев

© Sputnik / Абзал КалиевТайтөбе
Тайтөбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Астана және оның төңірегінде орналасқан елді мекендер біркелкі дамуы керек. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлады Ақорда.
"Үкімет Астананың, Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, елорда агломерациясын дамытуды ойластыруы керек. Арнайы құжат қабылдау қажет. Онда тұрғындардың пікірі және қалаға қатысты мәселенің бәрі ескерілуге тиіс", - деді Тоқаев.
Сондай-ақ ол Астананың, жақын маңдағы облыстардың әкімдіктері, мәслихаттары және қоғамдық кеңестері арасында өзара тиімді қатынас орнату маңызды екенін атап өтті.
"Елорда және оның төңірегінде орналасқан елді мекендер біркелкі дамуы керек. Олардың арасында көп айырмашылық болмауға тиіс. Сол үшін нақты шаралар қабылдаған жөн. Бұл, әсіресе, әлеуметтік салаға қатысты мәселе. Бір сөзбен айтқанда, бас қала маңындағы елді мекендерді көркейту қажет. Олар өмір сүруге барынша қолайлы болуға тиіс", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.
 Снос ЖК Территория комфорта - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2023
Астанада төрт мыңға жуық үлескер баспанаға қол жеткізе алмай жүр
Жаңалықтар
0