Елорда тынысы

Астанада педагогикалық жоғары оқу орны ашылады

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада педагогикалық жоғары оқу орнын ашу туралы ұсынысты қолдап, үкіметке қаражат мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Астанада білікті ұстаздардың тапшылығы ерекше сезіліп отырғанын атап өтті. Жыл сайын бір мыңға жуық мұғалім жетіспей жатады.
"Сондықтан, елордада педагогикалық жоғары оқу орнын ашу туралы ұсынысты қолдаймын. Бұл – дер кезінде көтерілген бастама. Сол арқылы салынып жатқан мектептерге қажетті мамандар даярлауға мүмкіндік туады. Үкімет педагогикалық оқу орнын ашуды және көпбейінді аурухана салуды мұқият пысықтауы қажет. Қаражат мәселесін шешу керек", - деп мәлімдеді Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.
Айтуынша, елордада баланы мектепке немесе балабақшаға орналастыру әлі де өзекті мәселе болып отыр. Көптеген мектепте оқушылар саны жоспарлы межеден артық.
"Шын мәнінде, үш ауысымды оқыту жүйесі сақталып отыр. Бұған жол беруге болмайды. Қалада жаңа білім беру мекемелерінің құрылысына басымдық беру қажет. Сондай-ақ 15 қосымша білім беру нысанын салу керек", - деді президент.
Ол мектептердегі білім беру ісі балалардың әлеуметтік жағдайына қарамастан, инклюзивті әрі барлық бала үшін қолжетімді болуға тиіс екенін айтты.
Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2023
Елорда тынысы
"Астыртын қарсылық білдіру деп түсінемін": Тоқаев үкімет мүшелеріне ескерту жасады
Жаңалықтар
0