https://sputnik.kz/20230711/astyrtyn-qarsylyq-bildiru-dep-tusinemin-toqaev-ukimet-mushelerine-eskertu-zhasady-36712759.html
"Астыртын қарсылық білдіру деп түсінемін": Тоқаев үкімет мүшелеріне ескерту жасады
"Астыртын қарсылық білдіру деп түсінемін": Тоқаев үкімет мүшелеріне ескерту жасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін дереу шешуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда. 11.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-11T12:45+0500
2023-07-11T12:45+0500
2023-07-11T12:45+0500
елорда тынысы
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0b/36711496_0:57:1280:777_1920x0_80_0_0_11600adc0f1231fb3df6e0f79d9c9634.jpg
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін дереу шешуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.Президент жаздың басында Астанада су тапшылығы қатты сезілгенін еске салды.Оның айтуынша, қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға жауапты адамдар жұмысын адал атқармаған. Тоқаев мұны нағыз салғырттық деп атады, соның салдарынан осындай күрделі ахуал қалыптасқан."Мұны, тіпті, жұмысқа селқос қарау емес, қасақана зиян келтіру деуге болады. Себебі, су, жылу, жарық – күнделікті тұрмыстағы аса маңызды қажеттіліктер. Бұл салада қателікке мүлдем жол беруге болмайды. Сондықтан, кінәлі адамдар тиісті жазасын алуы керек", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы.Президент қазір елорда Астана су қоймасына толық тәуелді болып отырғанын айтты. Су алатын басқа жер жоқ. Бұл – өте қауіпті."Кез келген сәтте оқыс оқиға болса, бүкіл қалаға қауіп төнуі мүмкін. Тұрғындар саны көбейіп, жаңа нысандар пайдалануға беріліп жатыр. Сондықтан, су қоймасының қуаты алдағы бір-екі жылда сарқылып бітетіні анық. Бұған қоса, су қоймасы лайланып, ластанып жатыр. Мұны құзырлы министрлік білуге тиіс. Қойманың түбін тазалап, оны тереңдету керек. Астана су қоймасының бөгетін толық тексеріп, нығайту қажет. Оған Сәтбаев каналынан судың тұрақты келіп тұруын қамтамасыз еткен жөн. Осы шараларды дереу қолға алу керек", - деді Тоқаев.Президент қойманың техникалық жағдайын шұғыл ретке келтіруді тапсырды. Өйткені Астанада бұдан басқа су көзі жоқ."Бұған дейін экология министрлігіне қаланы сумен қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыс жасау тапсырылды. Бірақ, әлі күнге дейін нақты нәтиже жоқ. Тіпті, осы мәселені шешуге қатысты тиімді ұсыныстар да жоқ. Тағы да қайталап айтамын: құзырлы министрлік нақты шаралар қабылдауға тиіс", - деп ескертті ол.Бұдан бөлек, Тоқаев үкіметке әкімдікпен бірлесіп, келесі жылдан бастап Сәтбаев каналынан қалаға дейін құбыр тарту жұмыстарын қолға алуды тапсырды. Сонымен бірге, үкімет әкімдікпен бірге сумен қамтамасыз етудің баламалы жолдарын қазірден бастап қарастыруы керек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0b/36711496_245:54:1096:692_1920x0_80_0_0_f8b0d9cee77270e3592281ed11497846.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін дереу шешуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.
Президент жаздың басында Астанада су тапшылығы қатты сезілгенін еске салды.
"Бұған тұрғындар наразылық білдіргенін білесіздер. Тіпті, жолдарды бөгеп, митингке шықты. Бұл – елорда өмірінде болып жатқан келеңсіз оқиғалар. Астананы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін кейінге қалдыра беруге болмайды. Тиісті жұмыс атқарылмаса, мұны астыртын қарсылық білдіру деп түсінуге тура келеді. Ахуалды дереу түзеу қажет. Бас қаланы осындай жағдайда қалдырмаймыз", - деді Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңесте.
Оның айтуынша, қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға жауапты адамдар жұмысын адал атқармаған. Тоқаев мұны нағыз салғырттық деп атады, соның салдарынан осындай күрделі ахуал қалыптасқан.
"Мұны, тіпті, жұмысқа селқос қарау емес, қасақана зиян келтіру деуге болады. Себебі, су, жылу, жарық – күнделікті тұрмыстағы аса маңызды қажеттіліктер. Бұл салада қателікке мүлдем жол беруге болмайды. Сондықтан, кінәлі адамдар тиісті жазасын алуы керек", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы.
Президент қазір елорда Астана су қоймасына толық тәуелді болып отырғанын айтты. Су алатын басқа жер жоқ. Бұл – өте қауіпті.
"Кез келген сәтте оқыс оқиға болса, бүкіл қалаға қауіп төнуі мүмкін. Тұрғындар саны көбейіп, жаңа нысандар пайдалануға беріліп жатыр. Сондықтан, су қоймасының қуаты алдағы бір-екі жылда сарқылып бітетіні анық. Бұған қоса, су қоймасы лайланып, ластанып жатыр. Мұны құзырлы министрлік білуге тиіс. Қойманың түбін тазалап, оны тереңдету керек. Астана су қоймасының бөгетін толық тексеріп, нығайту қажет. Оған Сәтбаев каналынан судың тұрақты келіп тұруын қамтамасыз еткен жөн. Осы шараларды дереу қолға алу керек", - деді Тоқаев.
Президент қойманың техникалық жағдайын шұғыл ретке келтіруді тапсырды. Өйткені Астанада бұдан басқа су көзі жоқ.
"Бұған дейін экология министрлігіне қаланы сумен қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыс жасау тапсырылды. Бірақ, әлі күнге дейін нақты нәтиже жоқ. Тіпті, осы мәселені шешуге қатысты тиімді ұсыныстар да жоқ. Тағы да қайталап айтамын: құзырлы министрлік нақты шаралар қабылдауға тиіс", - деп ескертті ол.
Бұдан бөлек, Тоқаев үкіметке әкімдікпен бірлесіп, келесі жылдан бастап Сәтбаев каналынан қалаға дейін құбыр тарту жұмыстарын қолға алуды тапсырды. Сонымен бірге, үкімет әкімдікпен бірге сумен қамтамасыз етудің баламалы жолдарын қазірден бастап қарастыруы керек.