https://sputnik.kz/20230711/arnayy-operatsiya-uqk-qylmystyq-top-36696945.html
Арнайы операция: ҰҚК қоғамға қауіпті қылмыстық топты ұстады
Арнайы операция: ҰҚК қоғамға қауіпті қылмыстық топты ұстады
Sputnik Қазақстан
Олардан Калашников автоматы, Макаров тапаншасы, жауынгерлік граната және есірткі тәркіленді 11.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-11T09:50+0500
2023-07-11T09:50+0500
2023-08-09T09:35+0500
қоғам
арнайы операция
қылмыстық топ
ұлттық қауіпсіздік комитеті
https://sputnik.kz/img/618/58/6185838_0:0:2871:1615_1920x0_80_0_0_d87a6746c6b907f62eb520da2f199d0b.jpg
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады.Күдіктілерден Калашников автоматы, Макаров тапаншасы, жауынгерлік граната, тегіс ұңғылы "шолақ" мылтық және синтетикалық есірткі тәркіленді.Топ мүшелері денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сату мақсатында аса ірі көлемде есірткі сақтау, қару мен оқ-дәріні заңсыз тасымалдау және сақтау қылмыстарын жасады деген күдікке ілінген.Үш күдікті тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды, қалғандарына қатысты қажетті тергеу шаралары жүргізілуде."Қолданылған шаралар Алматы қаласының қылмыстық ахуалын жақсартуға және қылмыстық ортаның қоғамға әсерін әлсіретуге бағытталған", - деп мәлімдеді ҰҚК-дағылар.Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
https://sputnik.kz/20230530/uqk-auyr-qylmys-zhasady-degen-kudikpen-eki-adamdy-ustady-35432863.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/618/58/6185838_87:0:2818:2048_1920x0_80_0_0_8870b2772196d33311a3688ab42ef86d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арнайы операция, қылмыстық топ, ұлттық қауіпсіздік комитеті
арнайы операция, қылмыстық топ, ұлттық қауіпсіздік комитеті
Арнайы операция: ҰҚК қоғамға қауіпті қылмыстық топты ұстады
09:50 11.07.2023 (жаңартылды: 09:35 09.08.2023) Олардан Калашников автоматы, Макаров тапаншасы, жауынгерлік граната және есірткі тәркіленді
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады.
"2023 жылғы 24 маусымда ҰҚК жедел қызметкерлері арнаулы мақсаттағы бөлімшені жұмылдырып, Алматы қаласында қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Арнайы операция барысында қылмыстық топтың 5 белсенді мүшесі ұсталды", - делінген ҰҚК хабарламасында.
Күдіктілерден Калашников автоматы, Макаров тапаншасы, жауынгерлік граната, тегіс ұңғылы "шолақ" мылтық және синтетикалық есірткі тәркіленді.
Топ мүшелері денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сату мақсатында аса ірі көлемде есірткі сақтау, қару мен оқ-дәріні заңсыз тасымалдау және сақтау қылмыстарын жасады деген күдікке ілінген.
Үш күдікті тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды, қалғандарына қатысты қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.
"Қолданылған шаралар Алматы қаласының қылмыстық ахуалын жақсартуға және қылмыстық ортаның қоғамға әсерін әлсіретуге бағытталған", - деп мәлімдеді ҰҚК-дағылар.
Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.