ҰҚК ауыр қылмыс жасады деген күдікпен екі адамды ұстады
21:50 30.05.2023 (жаңартылды: 09:35 09.08.2023)
© Photo : Пресс-служба КНБҰҚК аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен екі адамды ұстады
© Photo : Пресс-служба КНБ
Жазылу
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстандық шекарашылар еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде есірткі заттарын ірі көлемде өткізбек болған қара ниетті адамдарды ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Жамбыл облысының "Ауқатты" өткізу пунктінде шетел азаматы қолға түсті, ол көлігінің арнайы әзірленген құпия жеріне жасырып 62,2 келі қатты әсер ететін есірткі заттарын (апиын – шамамен 24 кг, гашиш – 38,2 кг) Қырғызстаннан Қазақстанға өткізбек болған.
Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының "Қарақоға" өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейге 62,4 келі кептірілген марихуананы өткізбек болған Қазақстан азаматы ұсталды. Есірткі эвакуатормен тасымалданып келе жатқан көліктен табылды.
Аталған фактілер бойынша құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеуді бастады.