https://sputnik.kz/20230710/uaqytyly-emdelmegen-turkistan-oblysynda-kongo-qyrym-bezgeginen-zhasospirim-qaytys-boldy-36692293.html
Уақытылы емделмеген: Түркістан облысында конго-қырым безгегінен жасөспірім қайтыс болды
Уақытылы емделмеген: Түркістан облысында конго-қырым безгегінен жасөспірім қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 10 шілде - Sputnik. Түркістан облысы Сауран ауданында конго-қырым қанды безгегінен 15 жастағы жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық... 10.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-10T20:12+0500
2023-07-10T20:12+0500
2023-07-10T20:12+0500
кене
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748099_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_63387d25cc6438beadf8472da9c5d733.jpg
АЛМАТЫ, 10 шілде - Sputnik. Түркістан облысы Сауран ауданында конго-қырым қанды безгегінен 15 жастағы жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының баспасөз қызметі.Облыста жыл басынан бері мыңға жуық адамды кене шаққан.Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері облыста кене шаққан 985 адам медициналық ұйымға жүгінген. Бүгінгі таңда конго-қырым безгегін жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 48 науқас тіркеліп, соның 9-ынан диагноз расталған.Жалпы Түркістан облысы – мал шаруашылығы дамыған, конго-қырым қанды безгегі ауруының табиғи ошағы. Бұл ауру кене арқылы жұғады."Жануарларды күтіп баққан кезде жануарлардың және науқас адамдардың қанымен жұғуы мүмкін. Бұл ауруға көбіне малшылар, шопандар және мал күтімімен айналысатын адамдар шалдығады", - дейді ведомство.Ауру негізінен мамыр-тамыз айларында көптеп тіркеледі. Жыл сайын ерте көктемнен бастап, кенелерге қарсы күрес жұмыстары жүргізіледі. Соған қарамастан кене шаққандар саны азаяр емес."Кенені жалаңаш қолмен ұстамау керек, өйткені жұқпалы ауру агенті шырышты қабықтар немесе терідегі зақымданған жерлер арқылы енуі мүмкін. Кейбір азаматтар денеге жабысқан кенеден өз беттерінше құтылу үшін әртүрлі амал-тәсілдер қолданады. Оны қолмен жұлмау керек, жалаң қолмен жаншып мыжбау керек. Кенені алу үшін ұшы өткір қысқыш темір құрылғы қолдану керек", - дейді мамандар.Ққралды теріге жақындата отырып, онымен кенені іліп алу қажет. Қысқышты қатты қыспай (кенені мыжып тастамау үшін) шайқалтпай, ақырын тарту керек, себебі кененің ауыз бөлігінің бөлініп теріде қалып қоюына әкелуі мүмкін.
https://sputnik.kz/20230707/bir-oblysta-keneden-eki-adam-qaytys-boldy-36609040.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748099_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_c977060f657357e3c337c7b8ec60e015.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кене, түркістан облысы
АЛМАТЫ, 10 шілде - Sputnik. Түркістан облысы Сауран ауданында конго-қырым қанды безгегінен 15 жастағы жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының баспасөз қызметі.
Облыста жыл басынан бері мыңға жуық адамды кене шаққан.
Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері облыста кене шаққан 985 адам медициналық ұйымға жүгінген. Бүгінгі таңда конго-қырым безгегін жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 48 науқас тіркеліп, соның 9-ынан диагноз расталған.
"Сауран ауданында – 2 жағдай, Ордабасы, Отырар, Төлеби, Келес, Мақтаарал, Жетісай аудандары мен Түркістан қаласында 1 жағдай тіркелген. Сауран ауданында – 15 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Ол уақытылы емделмей, ауруды асқындырып алған", - деп хабарлады облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.
Жалпы Түркістан облысы – мал шаруашылығы дамыған, конго-қырым қанды безгегі ауруының табиғи ошағы. Бұл ауру кене арқылы жұғады.
"Жануарларды күтіп баққан кезде жануарлардың және науқас адамдардың қанымен жұғуы мүмкін. Бұл ауруға көбіне малшылар, шопандар және мал күтімімен айналысатын адамдар шалдығады", - дейді ведомство.
Ауру негізінен мамыр-тамыз айларында көптеп тіркеледі. Жыл сайын ерте көктемнен бастап, кенелерге қарсы күрес жұмыстары жүргізіледі. Соған қарамастан кене шаққандар саны азаяр емес.
"Кенені жалаңаш қолмен ұстамау керек, өйткені жұқпалы ауру агенті шырышты қабықтар немесе терідегі зақымданған жерлер арқылы енуі мүмкін. Кейбір азаматтар денеге жабысқан кенеден өз беттерінше құтылу үшін әртүрлі амал-тәсілдер қолданады. Оны қолмен жұлмау керек, жалаң қолмен жаншып мыжбау керек. Кенені алу үшін ұшы өткір қысқыш темір құрылғы қолдану керек", - дейді мамандар.
Ққралды теріге жақындата отырып, онымен кенені іліп алу қажет. Қысқышты қатты қыспай (кенені мыжып тастамау үшін) шайқалтпай, ақырын тарту керек, себебі кененің ауыз бөлігінің бөлініп теріде қалып қоюына әкелуі мүмкін.