https://sputnik.kz/20230707/bir-oblysta-keneden-eki-adam-qaytys-boldy-36609040.html
Бір облыста кенеден екі адам қайтыс болды
Бір облыста кенеден екі адам қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Қызылорда облысында кене шаққан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы. 07.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-07T11:37+0500
2023-07-07T11:37+0500
2023-07-07T11:37+0500
өңірлер
кене
https://sputnik.kz/img/old/896/77/8967799_0:77:2096:1256_1920x0_80_0_0_762b4c0f736e32c1ac6d9938b8142bb8.jpg
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Қызылорда облысында кене шаққан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.Шиелі ауданында 51 жастағы ер адам сиыр сойғаннан кейін өз денесінен бірнеше кене тапқан. Көп ұзамай дене қызуы көтеріліп, жағдайы күрт нашарлап кеткен. Ауруханада оны бірден жансақтау бөліміне жатқызған. Алайда ер адам қайтыс болды.Бұған дейін Жаңақорған ауданында тура сондай оқиға болды. Ауруханада көз жұмған 77 жастағы ер адамда конго-қырым қанды безгегі анықталды.Облыста жыл басынан бері аталған кеселге шалдығуы мүмкін деген күдікпен 23 науқас тіркелген. 8 адамда инфекция расталды.Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымованың айтуынша, зертханалық сынама расталған жағдайда ғана залалсыздардыру жұмыстары басталады."Ошақта мал бастарына, қораларға және жеке науқастың бұйымдарына міндетті түрде қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі", - дейді Әбдіқайымова.
https://sputnik.kz/20190502/kene-shaqsa-ne-isteu-kerek-9973744.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/896/77/8967799_107:0:2032:1444_1920x0_80_0_0_6199a7f13c832d51823c65263319a002.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кене
Бір облыста кенеден екі адам қайтыс болды
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Қызылорда облысында кене шаққан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды
"Хабар 24" арнасы.
Шиелі ауданында 51 жастағы ер адам сиыр сойғаннан кейін өз денесінен бірнеше кене тапқан. Көп ұзамай дене қызуы көтеріліп, жағдайы күрт нашарлап кеткен. Ауруханада оны бірден жансақтау бөліміне жатқызған. Алайда ер адам қайтыс болды.
Бұған дейін Жаңақорған ауданында тура сондай оқиға болды. Ауруханада көз жұмған 77 жастағы ер адамда конго-қырым қанды безгегі анықталды.
Облыста жыл басынан бері аталған кеселге шалдығуы мүмкін деген күдікпен 23 науқас тіркелген. 8 адамда инфекция расталды.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымованың айтуынша, зертханалық сынама расталған жағдайда ғана залалсыздардыру жұмыстары басталады.
"Ошақта мал бастарына, қораларға және жеке науқастың бұйымдарына міндетті түрде қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі", - дейді Әбдіқайымова.