Тоқаев Шавкат Мирзиёевті президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2023
Жазылу
Қазақстан мен Өзбекстан президенті телефон арқылы сөйлесті
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының президенті сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы дауыс беру қорытындысы елді орнықты дамытуға, оның тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталған Өзбекстан президенті ұстанымының жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын айқын көрсетеді деп атап өтті.
Әңгімелесу барысында президент қазақ-өзбек қатынастарын стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.
Мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасты және алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды.
Выборы президента Узбекистана в столице - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2023
Өзбекстандағы кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр
Жаңалықтар
0