Өзбекстандағы кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевВыборы президента Узбекистана в столице
Выборы президента Узбекистана в столице - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Өзбекстанда кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс беру басталды. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 8:00-де ашылып, 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

ОСК мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 19 миллион 593 мың 838 азамат енгізіліп, 14 округтік сайлау комиссиясы, 10 784 сайлау учаскесі құрылды. Шетелдегі өзбектер үшін 39 елде 56 сайлау учаскесі ашылған. Ал Қазақстан аумағында Өзбекстанның Астана, Алматы және Ақтау қалаларындағы дипломатиялық өкілдіктерінде бөлімдер ашылды.
Кезектен тыс президенттік сайлауды өткізуге 174,1 миллиард сум (15 миллион доллар) жұмсалған.
Сайлауда төрт үміткер бар. Экологиялық партия өз көшбасшысы Абдушүкүр Хамзаевты, Халықтық-демократиялық партия Ұлықбек Иноятовты, "Адолат" социал-демократиялық партиясы Жоғарғы сот төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Робахон Махмудованы және биліктегі "УзЛиДеП" партиясы қазіргі президент Шавкат Мирзиеевті ұсынды.
Жаңалықтар
0