МАЭК-те істен шыққан энергоблокты жөндеу жұмысы аяқталды

© Photo : сайт МАЭКРемонт теплопровода. МАЭК
Ремонт теплопровода. МАЭК - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының (МАЭК) бірінші блогын жөндеу жұмысры аяқталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 9 шілде күні таңғы сағат 04.11-де блок жұмысқа қосылды. Ал түстен кейін сағат 15.25-те оның қуаты 150 МВт-қа дейін көтерілді.
"Қазіргі уақытта комбинаттың жалпы генерациясы 565 Мвт құрайды. "МАЭК" ЖШС Атырау өңіріне 36 МВт қуат бере отырып, Маңғыстау облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде", - дейді мамандар.
Айта кетері, 3 шілдеде "МАЭК" ЖШС жылу электр станциясындағы қазандыққа келіп тұрған тоқтың күрт артуына байланысты 1 энергоблоктың жұмысын тоқтатуға тура келді. Одан кейін тағы тура сондай жағдай болды.
Премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Атырауға келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2023
Смайылов: Атырау мұнай өңдеу зауытында 2-3 жылда автономды энергия көзін іске қосу керек
Жаңалықтар
0