https://sputnik.kz/20230707/mangystau-atom-energetikalyq-kombinatynda-energoblok-tagy-isten-shyqty-36612324.html
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында энергоблок тағы істен шықты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында энергоблок тағы істен шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында энергоблок тағы да тоқтап қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан компанияның ресми... 07.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-07T14:58+0500
2023-07-07T14:58+0500
2023-07-07T14:58+0500
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/07/04/36536814_0:1:1024:577_1920x0_80_0_0_8ae16211a75df06e63f44173d777f177.jpg
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында энергоблок тағы да тоқтап қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.Бұған дейін ЖЭС-те қазандыққа келіп тұрған тоқтың күрт өсуіне байланысты №1 энергоблоктың жұмысы тоқтатылған болатын. 4 шілде күні кешкі уақытта энергоблок салқындағаннан кейін жөндеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. 6 шілдеде таңғы сағат 05.51-де оны іске қосқан.Компания таратқан мәліметке сәйкес, облыста тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету, сондай-ақ елді мекендерді сумен жабдықтау жағынан шектеулер жоқ."Жөндеу жұмыстарын 9 шілде сағат 24.00-ге дейін жүргізуге шұғыл өтінім берілді. Жөндеу жұмыстарын 8 шілде 00.00-ден кейін бастау жоспарлануда. Себебі энергия блогының қазандығын салқындату үшін 24 сағаттан астам уақыт қажет", - дейді мамандар.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/04/36536814_160:0:929:577_1920x0_80_0_0_65abb620d01a410a535a2039b673325f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында энергоблок тағы істен шықты
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында энергоблок тағы да тоқтап қалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін ЖЭС-те қазандыққа келіп тұрған тоқтың күрт өсуіне байланысты №1 энергоблоктың жұмысы тоқтатылған болатын. 4 шілде күні кешкі уақытта энергоблок салқындағаннан кейін жөндеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. 6 шілдеде таңғы сағат 05.51-де оны іске қосқан.
"Жөндеу жұмыстары сапалы жасалғанымен 6 шілде күні сағат 17.33-те ЖЭС-те №1 энергоблокты тағы да тоқтатуға тура келді. Қазіргі уақытта ЖЭС персоналы энергия блогын жөндеу үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Компания таратқан мәліметке сәйкес, облыста тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету, сондай-ақ елді мекендерді сумен жабдықтау жағынан шектеулер жоқ.
"Жөндеу жұмыстарын 9 шілде сағат 24.00-ге дейін жүргізуге шұғыл өтінім берілді. Жөндеу жұмыстарын 8 шілде 00.00-ден кейін бастау жоспарлануда. Себебі энергия блогының қазандығын салқындату үшін 24 сағаттан астам уақыт қажет", - дейді мамандар.