https://sputnik.kz/20230710/aqmola-oblysynda-mektep-bukhgalteri-36-million-tenge-zhalaqy-algan-36647122.html
Ақмола облысында мектеп бухгалтері 36 миллион теңге "жалақы" алған
Ақмола облысында мектеп бухгалтері 36 миллион теңге "жалақы" алған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Ақмола облысында екі білім беру мекемесінің бухгалтерлері ірі көлемде ақша ұрлағаны үшін ұсталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан... 10.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-10T11:22+0500
2023-07-10T11:22+0500
2023-07-10T11:22+0500
жалақы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744117_0:0:2999:1687_1920x0_80_0_0_f87b2ace42ab3a52d8a9de0b8b348181.jpg
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Ақмола облысында екі білім беру мекемесінің бухгалтерлері ірі көлемде ақша ұрлағаны үшін ұсталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан бас прокуратураға сілтеме жасап.Бұланды балабақшасының бухгалтері кәсіпкерлермен ойдан шығарылған мәмілелер жасап, туыстарының шоттарына ақша аударған. Ал аударымдардың шынайылығын көрсету үшін тауарларды жеткізуге келісім-шарттар жасалған кәсіпорындардың атауларын көрсеткен. Бірақ банктік шоттар жақын туыстарына ашылған. Осылайша, балабақша есепшісі 47 миллион теңгені жымқырды.Ал Степногорск қаласы мектептерінің бірінде бухгалтер өз шотына 36 миллион теңгені жалақы ретінде аударған.Қазіргі кезде осы фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұлбапта белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744117_210:0:2459:1687_1920x0_80_0_0_11592d6c7634aa5e8745be1e31c40449.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы
Ақмола облысында мектеп бухгалтері 36 миллион теңге "жалақы" алған
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Ақмола облысында екі білім беру мекемесінің бухгалтерлері ірі көлемде ақша ұрлағаны үшін ұсталды, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан бас прокуратураға сілтеме жасап.
Бұланды балабақшасының бухгалтері кәсіпкерлермен ойдан шығарылған мәмілелер жасап, туыстарының шоттарына ақша аударған. Ал аударымдардың шынайылығын көрсету үшін тауарларды жеткізуге келісім-шарттар жасалған кәсіпорындардың атауларын көрсеткен. Бірақ банктік шоттар жақын туыстарына ашылған. Осылайша, балабақша есепшісі 47 миллион теңгені жымқырды.
Ал Степногорск қаласы мектептерінің бірінде бухгалтер өз шотына 36 миллион теңгені жалақы ретінде аударған.
Қазіргі кезде осы фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұлбапта белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.