Шығыс Қазақстанда жол апатынан бір күнде үш адам көз жұмды

© Photo : Polisia.kzШығыс Қазақстанда жол апатынан бір күнде үш адам көз жұмды
Шығыс Қазақстанда жол апатынан бір күнде үш адам көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында адам өліміне әкеп соққан 2 жол апаты болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
9 шілде күні сағат 11:50 шамасында Омбы – Майқапшағай тас жолының 1247-шақырымында Кенсай және Жарсу ауылдарының қиылысында болған жол апатынан 6 жасар бала көз жұмды.
Ал 13:30 шамасында Өскемен - Рахман қайнарлары тас жолының 53-шақырымында болған келесі жол апатынан екі адам қаза тауып, бірнеше жолаушы дене жарақатын алды.
Екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2023
Бурабай курортында жантүршігерлік жол апаты болды: 4 адам көз жұмды
Жаңалықтар
0