Бурабай курортында жантүршігерлік жол апаты болды: 4 адам көз жұмды

© Photo : Rico_LoebАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2023
Жазылу
КӨКШЕТАУ, 8 шілде – Sputnik. Бурабай курортында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды, оның ішінде бір бала бар, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апатынан зардап шеккен тағы екі адам ауруханада жатыр.
Апат курорт маңында Астана - Петропавл тасжолында болған.
"Toyota Camry 40 автокөлігінің жүргізушісі Бурабай кентіне бұрылған кезде рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Салдарынан 30 жастағы көлік жүргізушісі мен жұбайы, 41 жастағы жолаушы және 2009 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірім оқиға орнында көз жұмды", - деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәр Пинчук.
Қайтыс болған жүргізушінің көлікте бір жасар қызы болған. Оның жағдайы қанағаттанарлық.
Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.
"Алты жасар жолаушы травматология бөлімінде жатыр. Ал 39 жастағы әйелдің жағдайы ауыр", - дейді Пинчук.
Бұл факті Бурабай ауданының полициясында Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу" бойынша тіркеліп, тергеу басталды.
Жаңалықтар
0