Қабынуға қарсы диета: таңқурай мен қарақаттың қандай пайдасы бар

© Sputnik / Александр ВильфТаңқурай
Таңқурай - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Қарақат немесе таңқурай ағзадағы қабыну процесін бәсеңдетеді. Бұл туралы ресейлік дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Татьяна Солнцева "Известия" басылымына берген сұбатында айтты.
Жидектер С дәруменіне бай. Қарақат аскорбин қышқылының көптігі жағынан бірінші орында. Екінші орында шырғанақ (облепиха), одан кейін үшқат (жимолость). Таңқурай, құлпынай және қарлығанның (крыжовник) да пайдасы мол, деп түсіндірді дәрігер.
Оның айтуынша, жидектердің түсі неғұрлым қанық болса, олардың құрамында қабынуға қарсы және әлдендіретін антоцианиндер соғұрлым көп болады. Бұл зат қара жидек пен қарақатта мол. Шиеде фтор, кальций, магний, фосфор және темір бар.
Қызыл жидектер каротиноидтар тобындағы антиоксидант – ликопинге бай. Ол холестеринді қалыпты деңгейде ұстауға көмектеседі, сонымен қатар қан тамырлары мен қылтамырлардың қабырғасын нығайтады. Сондықтан кептірілген таңқурай қосылған шай суық тигенде тезірек сауығуға көмектеседі, деп атап өтті дәрігер.
Құрма - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2023
Қан тамырлары үшін пайдалы өнімдер
Жаңалықтар
0