Қазақстанда нашақорлықпен күреске 53,1 млрд теңге бөлінеді

© AFP 2024 / Luis RobayoАрхивное фото шприцов
Архивное фото шприцов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Қазақстан үкіметі нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті.
Құжат президенттің 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына жолдаған "Әділетті мемлекет. Біртұтас ел. Берекелі қоғам" Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында әзірленді.
Елде синтетикалық заттарды жасырын өндіру жағдайлары жиі анықталып жатыр. Апиынды, оның ішінде Ауғанстаннан "Солтүстік бағыт" деп аталатын транзит арқылы тасымал, каннабис тобының есірткі заттарының айналымы, сондай-ақ "дәріхана" нашақорлығы өзекті проблемалар болып отыр.
2025 жылғадейін есірткі тұтынушылардың санын азайту, есірткіге тәуелділіктен ұзақ мерзімді ремиссиясы бар кәмелетке толмағандар санын 15%-тен 20%-ке дейін арттыру, сондай-ақ есірткі тұтынушыларды 26%-тен 30%-ке дейін медициналық-әлеуметтік оңалтумен қамту жоспарланған.
Кешенді жоспарда аталған шараларды жүзеге асыру үшін бюджет есебінен 53,1 млрд теңге бөлу қарастырылған.
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2023
Ақтөбеде есірткі таратумен айналысқан ерлі-зайыпты 11 жылға сотталды
Жаңалықтар
0