https://sputnik.kz/20230705/qazaqstanda-diplom-qr-kodpen-berile-bastady-36560884.html
Қазақстанда диплом QR-кодпен беріле бастады
Қазақстанда диплом QR-кодпен беріле бастады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Биылдан бастап мектеп пен колледж дипломдарына QR-код басылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігіне сілтеме... 05.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-05T09:23+0500
2023-07-05T09:23+0500
2023-07-05T09:25+0500
диплом
https://sputnik.kz/img/180/02/1800284_0:103:1100:722_1920x0_80_0_0_65099676c1665396978b8e9a627cea7a.jpg
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Биылдан бастап мектеп пен колледж дипломдарына QR-код басылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.QR-код арқылы түлектің өзі немесе жұмыс беруші дипломның түпнұсқалығын тексере алады. Оны сканерлеу кезінде құжат деректемелері көрсетілетін мемлекеттік интернет-ресурсқа сілтеме шығады. Сол түлектің аты-жөні, білім беру ұйымының атауы, түскен/бітірген жылы, мамандығы мен біліктілігінің атауы, оқыту нысаны, дипломның сериясы мен нөмірі көрсетілген.Бұдан бөлек, 6 шілдеден бастап биылғы колледж дипломдарының электронды нұсқасы eGov порталы мен eGov mobile қосымшасында, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларында қолжетімді болады.Осылайша, түлектер eGov Mobile қосымшасы арқылы QR-кодпен барлық ақпаратты ұйымдар мен жеке тұлғаларға цифрлық түрде жібере алады. Мұндай тәжірибе жоғары оқу орындарын бітіргені туралы диплом беру кезінде қолданылып келеді.Айта кетері, биыл 140 мыңнан астам колледждер түлектері QR-коды бар диплом алады.
https://sputnik.kz/20221205/qazaqstanda-zhumysqa-turu-ushin-diplom-zhetkiliksiz-bolady-30006134.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/180/02/1800284_0:0:1100:825_1920x0_80_0_0_6eb07d49d31d3a9c6304ab195461dfc7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
диплом
Қазақстанда диплом QR-кодпен беріле бастады
09:23 05.07.2023 (жаңартылды: 09:25 05.07.2023) АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Биылдан бастап мектеп пен колледж дипломдарына QR-код басылады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан оқу-ағарту
министрлігіне сілтеме жасап.
QR-код арқылы түлектің өзі немесе жұмыс беруші дипломның түпнұсқалығын тексере алады. Оны сканерлеу кезінде құжат деректемелері көрсетілетін мемлекеттік интернет-ресурсқа сілтеме шығады. Сол түлектің аты-жөні, білім беру ұйымының атауы, түскен/бітірген жылы, мамандығы мен біліктілігінің атауы, оқыту нысаны, дипломның сериясы мен нөмірі көрсетілген.
Бұдан бөлек, 6 шілдеден бастап биылғы колледж дипломдарының электронды нұсқасы eGov порталы мен eGov mobile қосымшасында, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларында қолжетімді болады.
Осылайша, түлектер eGov Mobile қосымшасы арқылы QR-кодпен барлық ақпаратты ұйымдар мен жеке тұлғаларға цифрлық түрде жібере алады. Мұндай тәжірибе жоғары оқу орындарын бітіргені туралы диплом беру кезінде қолданылып келеді.
Айта кетері, биыл 140 мыңнан астам колледждер түлектері QR-коды бар диплом алады.