https://sputnik.kz/20221205/qazaqstanda-zhumysqa-turu-ushin-diplom-zhetkiliksiz-bolady-30006134.html
Қазақстанда жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз болады
Қазақстанда жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз болады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Қызметкерлер теориялық білімін практикада қолдана алатынын дәлелдеп, жұмыс берушіден сертификат алуға тиіс. Яғни бір ғана диплом... 05.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-05T12:01+0500
2022-12-05T12:01+0500
2022-12-05T12:01+0500
диплом
жұмыс
https://sputnik.kz/img/07e5/07/02/17514769_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_52e2cd875e2c4b2f385eb011a5177dd9.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Қызметкерлер теориялық білімін практикада қолдана алатынын дәлелдеп, жұмыс берушіден сертификат алуға тиіс. Яғни бір ғана диплом қызметке тұру үшін жеткіліксіз. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Министр Әлеуметтік кодекске жұмыс күшінің дағдыларын арттыруға қатысты өзгерістер енгізілгенін атап өтті. Айтуынша, білім бағдарламалары жұмыс берушілердің техникалық тапсырмаларына, яғни кәсіптік стандарттарына сәйкес әзірленеді. "Дағдылар мен құзыреттерді бағалау үшін сертификаттау жүйесі енгізіледі. Мұнда азаматтардың білімін практикада қолдана алу мүмкіндігі, белгіленген жұмысты алып кете алатындай еңбек дағдысы және біліктілігі бағаланып барып, сертификат беріледі. Сертификат тек формалды ғана емес, сонымен қатар формалды емес және информалды білімі бар адамдарға да беріледі", - деді еңбек министр. Дүйсенова Кәсіптік біліктілік туралы заң қабылданған соң, қызметкердің нақты дағдысы мен құзыретін растайтын сертификат жұмысқа тұруда артықшылыққа айналатынын атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/02/17514769_454:0:3185:2048_1920x0_80_0_0_ed38a43e4bccd8744c4012b382b497b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
диплом, жұмыс
Қазақстанда жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз болады
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Қызметкерлер теориялық білімін практикада қолдана алатынын дәлелдеп, жұмыс берушіден сертификат алуға тиіс. Яғни бір ғана диплом қызметке тұру үшін жеткіліксіз. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр Әлеуметтік кодекске жұмыс күшінің дағдыларын арттыруға қатысты өзгерістер енгізілгенін атап өтті.
"Бүгінгі таңда диплом жұмысқа қабылдау кезінде біліктілік деңгейінің дәлелі емес екенін мойындау керек. Сондықтан жұмыс берушілердің көпшілігі нақты тәжірибенің болуын талап етеді. Бұл жастардың жұмысқа орналасуына кедергі келтіруде. Осыған байланысты, ұлттық біліктілік жүйесін дамыту арқылы білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарымен байланыстыратын "Кәсіптік біліктілік туралы" заң әзірленді", - деді Дүйсенова мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Айтуынша, білім бағдарламалары жұмыс берушілердің техникалық тапсырмаларына, яғни кәсіптік стандарттарына сәйкес әзірленеді.
"Дағдылар мен құзыреттерді бағалау үшін сертификаттау жүйесі енгізіледі. Мұнда азаматтардың білімін практикада қолдана алу мүмкіндігі, белгіленген жұмысты алып кете алатындай еңбек дағдысы және біліктілігі бағаланып барып, сертификат беріледі. Сертификат тек формалды ғана емес, сонымен қатар формалды емес және информалды білімі бар адамдарға да беріледі", - деді еңбек министр.
Дүйсенова Кәсіптік біліктілік туралы заң қабылданған соң, қызметкердің нақты дағдысы мен құзыретін растайтын сертификат жұмысқа тұруда артықшылыққа айналатынын атап өтті.