Қарағанды полициясы 23 алаяқты ұстады

© AP Photo / Martin MejiaАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 5 шілде – Sputnik. Қарағандыда екі ай бойы зейнеткерлерді алдаған 23 алаяқ ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қарағанды полициясында мамыр-маусым айларында зейнеткерлерді алдап кеткен 61 факт тіркелген. Оның 35-і ашылған. Облыстық полиция екі ауданның 400 зейнеткерін шақырып, дереу жиналыс ашқан. Мақсат – аңқау қарттарды арамзалардан аман алып қалу.
"Қарағандыда мамыр-маусым айларында алаяқтық фактілері өсті. Қаскүнемдер азаматтарға үй телефондарына қоңырау шалып: "сіздің туысыңыз жол апатына кінәлі болды, сол үшін жазаға тартылады. Оны қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін шұғыл түрде ақша төлеу керек" деп алдаған", - дейді облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Ренат Әліпбаев.
Сондай-ақ интернет-алаяқтық та дендеп барады.
"Қаскүнемдер банк қызметкерімін деп танысып, азаматтарды шақырады. Әртүрлі сылтаумен шот бойынша күдікті операциялар жасап, несиелерді рәсімдеуге келістіреді. Олар шоттардан ақша ұрлау үшін "AnyDesk", "TeamViewer" қосымшаларын жүктеуге көндіреді, сондай-ақ SMS-парольдерді, банк карталарының CVV – кодтарын біліп алады", - дейді ПД киберқылмыспен күрес бөлімінің басшысы Арман Қайрақбаев.
Айта кетері, жыл басынан бері интернет алаяқтардан 1 млрд 334 млн теңге шығын келген.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2023
Қосшы тұрғыны бейтаныс адамның айтқанын істеймін деп қарызға белшесінен батты
Жаңалықтар
0