Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы: жаңа тас жолдың ерекшелігі неде – фото

Sputnik Қазақстан
Осы жылдың маусым айының ортасында өткен Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының ашылуы мегаполис пен қала маңындағы ауылдардың тұрғындарына ғана емес, сонымен... 04.07.2023, Sputnik Қазақстан
Егер бұрын жүк тасымалдаушылары қала арқылы өту үшін кептелісте бірнеше сағат тұрсаа, енді бір сағатқа жетер-жетпес аз уақытта оны айналып өтіп, кез келген қажетті қалааралық немесе халықаралық бағыт бойынша сапарын жалғастыра алады.Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының осы және басқа да ерекшеліктері туралы, сондай-ақ жаңа тас жолдың суреттерімен Sputnik Қазақстан тілшісінің репортажынан танысыңыз.
Осы жылдың маусым айының ортасында өткен Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының ашылуы мегаполис пен қала маңындағы ауылдардың тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар транзиттік жүк тасымалына да көптеген қолайлылық сыйлады.
Егер бұрын жүк тасымалдаушылары қала арқылы өту үшін кептелісте бірнеше сағат тұрсаа, енді бір сағатқа жетер-жетпес аз уақытта оны айналып өтіп, кез келген қажетті қалааралық немесе халықаралық бағыт бойынша сапарын жалғастыра алады.
Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының осы және басқа да ерекшеліктері туралы, сондай-ақ жаңа тас жолдың суреттерімен Sputnik Қазақстан тілшісінің репортажынан танысыңыз.
Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының ұзындығы 66 шақырымды құрайды, екі жағы да үш жолақты, жылдамдық шектеуі сағатына 120 шақырымды құрайтын бұл – бірінші санаттағы жол.
Инфрақұрылымдық жобаға 21 көпір, сегіз екі деңгейлі жол айрығы, екі эстакада және 18 жол өтпесі кірді. Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына жеті нүкте арқылы кіруге болады.
Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы 14 ауылдық елді мекенді "қоршап тұр". Бірінші айда көлік жүргізушілері жолды тегін пайдаланады. Содан кейін жол жүру ақысы алына бастайды.
Автомагистральдің ашылуы Алматыда және қала маңындағы аумақтарда көлік жүктемесін азайтады, транзиттік көліктерге тығыз орналасқан ғимараттардан тыс жерлерде жүруге мүмкіндік береді және қала экологиясын жақсартады.
Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында жол жүру ақысын банктік қосымшалар арқылы төлеуге болады, ал осы жылдың маусым айының соңында Qiwi-әмияны арқылы төлем іске қосылды.