https://sputnik.kz/20230616/ulken-almaty-aynalma-avtozholy-ashyldy-36006560.html
Үлкен Алматы айналма автожолы ашылды
Үлкен Алматы айналма автожолы ашылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Қазақстандағы ірі жол-көлік инфрақұрылымдарының бірі Үлкен Алматы айналма автожолы халық игілігіне берілді, деп хабарлайды Sputnik... 16.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-16T10:23+0500
2023-06-16T10:23+0500
2023-06-16T10:35+0500
алматы
жол
https://sputnik.kz/img/07e7/06/10/36006851_0:113:878:607_1920x0_80_0_0_315555297057bc6b35b41469edbe7955.jpg
АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Қазақстандағы ірі жол-көлік инфрақұрылымдарының бірі Үлкен Алматы айналма автожолы халық игілігіне берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Көлік жүргізушілері жаңа жолдың үстімен жүріп, оның артықшылықтарын бағамдап көрді. Аталған айналма автожолы еліміздің тарихындағы алғашқы концессиялық жоба болып саналады.Оның құрылысы 3 жыл бұрын түрік-кореялық консорциумының негізінде қолға алынып, жоспарға сәйкес 2024 жылы қолданысқа берілуі керек еді. Десе де қарқынды жұмыстардың нәтижесінде бұл нысан мерзімінен бұрын тапсырылып отыр.Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллиннің айтуынша, Үлкен Алматы айналма автожолы мегаполис көшелеріндегі және қала маңындағы кептелісті азайтып, экологиялық жағдайды жақсартады.Концессия тетігіне сәйкес құрылыс жұмыстарын инвестор жеке қаражатын есебінен жүргізген. Енді таяу 16 жыл бойы жол инвестордың кепілдік мерзімінде болады. 66 шақырымға жалғасқан айналма жолды жарты сағатта еңсеруге болады.Айналма жол 1-а техникалық санаты бойынша салынған. Аталған жобаны қаржыландыруға Еуразиялық даму банкі де қатысқан."Үлкен Алматы айналма автожолы Қазақстан мен Еуразия аймағында көлік маршруттарын кеңейту бойынша маңызды рөл атқарады. Осы жол арқылы тасымалданатын жүктің болжамды көлемі таяу 10-15 жылда 87%-ға ұлғайып, 35,9 млн тоннаға жетуі тиіс", - деді Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузов.
https://sputnik.kz/20230402/ulken-almaty-aynalma-avtokolik-zholymen-zhuru-aqysy-qansha-tenge-bolady-33510747.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/10/36006851_0:31:878:690_1920x0_80_0_0_f8d1f7fb44cefc1b249b2c6d02377f64.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жол
Үлкен Алматы айналма автожолы ашылды
10:23 16.06.2023 (жаңартылды: 10:35 16.06.2023) АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Қазақстандағы ірі жол-көлік инфрақұрылымдарының бірі Үлкен Алматы айналма автожолы халық игілігіне берілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Көлік жүргізушілері жаңа жолдың үстімен жүріп, оның артықшылықтарын бағамдап көрді. Аталған айналма автожолы еліміздің тарихындағы алғашқы концессиялық жоба болып саналады.
Оның құрылысы 3 жыл бұрын түрік-кореялық консорциумының негізінде қолға алынып, жоспарға сәйкес 2024 жылы қолданысқа берілуі керек еді. Десе де қарқынды жұмыстардың нәтижесінде бұл нысан мерзімінен бұрын тапсырылып отыр.
Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллиннің айтуынша, Үлкен Алматы айналма автожолы мегаполис көшелеріндегі және қала маңындағы кептелісті азайтып, экологиялық жағдайды жақсартады.
Концессия тетігіне сәйкес құрылыс жұмыстарын инвестор жеке қаражатын есебінен жүргізген. Енді таяу 16 жыл бойы жол инвестордың кепілдік мерзімінде болады. 66 шақырымға жалғасқан айналма жолды жарты сағатта еңсеруге болады.
"Аталған айналма автожолы тұтастай өңірдің экономикалық дамуына серпін беретін Батыс Қытай –Батыс Еуропа транзиттік дәлізінің негізгі тармағы саналады", - деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.
Айналма жол 1-а техникалық санаты бойынша салынған. Аталған жобаны қаржыландыруға Еуразиялық даму банкі де қатысқан.
"Үлкен Алматы айналма автожолы Қазақстан мен Еуразия аймағында көлік маршруттарын кеңейту бойынша маңызды рөл атқарады. Осы жол арқылы тасымалданатын жүктің болжамды көлемі таяу 10-15 жылда 87%-ға ұлғайып, 35,9 млн тоннаға жетуі тиіс", - деді Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузов.