https://sputnik.kz/20230402/ulken-almaty-aynalma-avtokolik-zholymen-zhuru-aqysy-qansha-tenge-bolady-33510747.html
Үлкен Алматы айналма автокөлік жолымен жүру ақысы қанша теңге болады
Үлкен Алматы айналма автокөлік жолымен жүру ақысы қанша теңге болады
Sputnik Қазақстан
Жол жүру құны жүріп өткен қашықтыққа емес, көлік ақылы жолда болған уақытқа және көлік түріне байланысты есептеледі 02.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-02T19:48+0500
2023-04-02T19:48+0500
2023-04-02T19:48+0500
алматы
https://sputnik.kz/img/07e6/07/19/26325095_0:5:1000:568_1920x0_80_0_0_34647190ecc3d30b00449b49457b6f4f.jpg
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Ашық НҚА" сайтында Үлкен Алматы айналма автокөлік жолында жүрудің болжамды бағасы көрсетілген бұйрықты жариялады.Бұйрықтың соңғы нұсқасында Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы (ҮАААЖ) бойымен жүру бағасы өзгеруі мүмкін екені аталып өткен. Жоба 2023 жылдың 17 сәуіріне дейін талқылауда болады.Бір реттік жол жүру бағасы:ҮАААЖ бойымен жиі жол жүретіндер үшін бір айға және бір жылға абонемент қарастырылған.Жол ақысын концессионер белгілеген ақы алу жүйесін пайдалана отырып, автокөліктің мемлекеттік нөмірі бойынша шотқа төлеуге болады. Сонымен қатар қарызды жеті күнтізбелік күн ішінде өтеуге мүмкіндік беретін кейін төлем опциясы да болуы мүмкін.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/19/26325095_118:0:882:573_1920x0_80_0_0_d4bc2d8667c3f679d2df6c5a44783831.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
Үлкен Алматы айналма автокөлік жолымен жүру ақысы қанша теңге болады
Жол жүру құны жүріп өткен қашықтыққа емес, көлік ақылы жолда болған уақытқа және көлік түріне байланысты есептеледі
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Ашық НҚА" сайтында Үлкен Алматы айналма автокөлік жолында жүрудің болжамды бағасы көрсетілген бұйрықты жариялады.
Бұйрықтың соңғы нұсқасында Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы (ҮАААЖ) бойымен жүру бағасы өзгеруі мүмкін екені аталып өткен. Жоба 2023 жылдың 17 сәуіріне дейін талқылауда болады.
Бір реттік жол жүру бағасы:
жеңіл автомобильдер – 241,5 теңге;
16-ға дейінгі жолаушыға арналған автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 414 теңге;
32-ге дейінгі жолаушыға арналған автобустар және жүк көтерімділігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 759 теңге;
32 және одан да көп жолаушыға арналған автобустар және жүк көтерімділігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 1242 теңге;
жүк көтерімділігі 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 1483,5 теңге;
жүк көтерiмдiлiгi 15 тонна және одан да көп, оның iшiнде тiркемелерi бар жүк көліктері, ершікті тартқыштар – 2484 теңге.
ҮАААЖ бойымен жиі жол жүретіндер үшін бір айға және бір жылға абонемент қарастырылған.
Жол ақысын концессионер белгілеген ақы алу жүйесін пайдалана отырып, автокөліктің мемлекеттік нөмірі бойынша шотқа төлеуге болады. Сонымен қатар қарызды жеті күнтізбелік күн ішінде өтеуге мүмкіндік беретін кейін төлем опциясы да болуы мүмкін.