https://sputnik.kz/20230704/toqaev-kenesary-khan-qurany-muftiyat-tabystaldy-36542097.html
Тоқаевтың тапсырмасымен Кенесары ханның Құраны мүфтиятқа табысталды
Тоқаевтың тапсырмасымен Кенесары ханның Құраны мүфтиятқа табысталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына барып, Кенесары ханның Құранын табыстады, деп хабарлайды... 04.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-04T15:44+0500
2023-07-04T15:44+0500
2023-08-09T10:00+0500
қоғам
құран
қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
https://sputnik.kz/img/07e7/07/04/36542212_0:1:750:423_1920x0_80_0_0_5d6c25ecff33999a7e7b7c07911f83f1.jpg
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына барып, Кенесары ханның Құранын табыстады, деп хабарлайды Ақорда.Бұған дейін президент Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабы табылғанын және оның елге оралғанын мәлімдеген болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Кенесары ханның Құраны Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасына табысталатынын атап өткен еді.Қариннің айтуынша, Құранды отандық және шетелдік жоғары білікті, тәжірибелі мамандар толықтай зерттеген, бірауыздан оның Кенесары ханға тиесілі екенін анықтаған. Сонымен қатар ол Құранның жан-жақты сипаттамасын баяндап, ерекшеліктерін жеткізді.Ғалымдар Құранның бұл нұсқасы қазақ халқының тарихи жәдігері екенін растап, оның тарихи және музейлік құндылығы өте жоғары деп бағалап отыр.Салтанатты рәсімге қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, Ұлттық құрылтайдың мүшелері мен дін қызметкерлері қатысты.
https://sputnik.kz/20230617/toqaev-kenesary-khanga-qatysty-quanyshty-zhanalyqty-zhariyalady-36060408.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/04/36542212_58:0:725:500_1920x0_80_0_0_6dd13ece6cd22e1c91207acc0ae45172.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құран, қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
құран, қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Тоқаевтың тапсырмасымен Кенесары ханның Құраны мүфтиятқа табысталды
15:44 04.07.2023 (жаңартылды: 10:00 09.08.2023) АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына барып, Кенесары ханның Құранын табыстады, деп хабарлайды Ақорда.
Бұған дейін президент Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабы табылғанын және оның елге оралғанын мәлімдеген болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Кенесары ханның Құраны Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасына табысталатынын атап өткен еді.
"Бүгін президенттің тікелей тапсырмасы бойынша мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Мүфтиятқа барып, Кенесары ханның Құранын табыстады", - делінген хабарламада.
Қариннің айтуынша, Құранды отандық және шетелдік жоғары білікті, тәжірибелі мамандар толықтай зерттеген, бірауыздан оның Кенесары ханға тиесілі екенін анықтаған. Сонымен қатар ол Құранның жан-жақты сипаттамасын баяндап, ерекшеліктерін жеткізді.
Ғалымдар Құранның бұл нұсқасы қазақ халқының тарихи жәдігері екенін растап, оның тарихи және музейлік құндылығы өте жоғары деп бағалап отыр.
Салтанатты рәсімге қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, Ұлттық құрылтайдың мүшелері мен дін қызметкерлері қатысты.