https://sputnik.kz/20230617/toqaev-kenesary-khanga-qatysty-quanyshty-zhanalyqty-zhariyalady-36060408.html
Мемлекет басшысы Кенесары ханға қатысты қуанышты жаңалықты жариялады
Мемлекет басшысы Кенесары ханға қатысты қуанышты жаңалықты жариялады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құраны табылды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды... 17.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-17T11:49+0500
2023-06-17T11:49+0500
2023-06-17T12:22+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/396/46/3964667_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_16f46bd5bf3748b992f1a2d872a3b0c0.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құраны табылды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Марал ишан – барша қазаққа танымал тұлға. Ол Кенесары ханның үзеңгілес серігі болды.Президенттің айтуынша, жақын арада құнды жәдігер Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасына табысталады."Құнды мұраның барша халқымыз үшін қастерлі орында тұрғаны абзал. Сондықтан, Құранды қалпына келтіріп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қойған жөн деп санаймын. Кезінде Тайқазанның елге оралуын жұрт жақсы ырымға балаған еді. Көп ұзамай Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болды. Ұлт азаттығы үшін күрескен Кенесарының қолында болған Құран кітабының елге келуі де жақсы ырым деп ойлаймын. Бұл оқиға Қазақстанның жаңа дәуірінің берекелі бастауы болсын деп тілейік", - дейді президент.
https://sputnik.kz/20230617/ulttyq-quryltaydyn-kelesi-otyrysy-atyrauda-otedi-----36060288.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/396/46/3964667_0:0:1227:920_1920x0_80_0_0_6f405883cdd07ff1ae10c7b5d2a3e4d0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Мемлекет басшысы Кенесары ханға қатысты қуанышты жаңалықты жариялады
11:49 17.06.2023 (жаңартылды: 12:22 17.06.2023) АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құраны табылды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Марал ишан – барша қазаққа танымал тұлға. Ол Кенесары ханның үзеңгілес серігі болды.
"Әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құраны табылды. Бұл Құран екі ғасыр бойы қолдан қолға өтіп, ақыры шетелге шығарылған екен. Оны жанашыр азаматтардың, меценаттардың көмегімен Қазақстанға қайтарып алдық. Құранда Марал ишанның және Кенесары ханның мөрі бар. Жәдігерге жан-жақты сараптама жасалды. Отандық және шетелдік ғалымдар Құранды мұқият зерттеді. Расында, Марал ишанға тиесілі болғаны және Кенесары ханға берілгені анықталды ", - деді Тоқаев ұлттық құрылтайдың екінші отырысында.
Президенттің айтуынша, жақын арада құнды жәдігер Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасына табысталады.
"Құнды мұраның барша халқымыз үшін қастерлі орында тұрғаны абзал. Сондықтан, Құранды қалпына келтіріп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қойған жөн деп санаймын. Кезінде Тайқазанның елге оралуын жұрт жақсы ырымға балаған еді. Көп ұзамай Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болды. Ұлт азаттығы үшін күрескен Кенесарының қолында болған Құран кітабының елге келуі де жақсы ырым деп ойлаймын. Бұл оқиға Қазақстанның жаңа дәуірінің берекелі бастауы болсын деп тілейік", - дейді президент.