Білім

Қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушылары үшін не өзгереді

© Photo : Пресс-служба министерства образования и науки КазахстанаАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2023
Жазылу
Шет тілі үшінші сыныптан бастап оқытылады
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. 2023-2024 оқу жылында қазақ тілінде оқытатын 1-ші сыныптарда "Әліппе/Ана тілі" пәндері, ал "Орыс тілі" пәні 2-ші сыныптан бастап оқытылады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
"Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ақпараты бойынша, 2023-2024 оқу жылында тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу мақсатында қазақ тілінде оқытатын 1-ші сыныптарда "Әліппе/Ана тілі" пәндері, ал "Орыс тілі" пәні 2-ші сыныптан бастап оқытылады", - делінген хабарламада.
Ал орыс тілінде оқытатын сыныптарда 1-сынып оқушылары "Қазақ тілі" және "Букварь" пәндерін оқиды.
"Шет тілі" пәні 1-2-сыныптарда емес, 3-ші сыныптан бастап оқытылады.
"Тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу тәсілі өткен оқу жылынан бастап іске асырылуда. Бұл тәсіл білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретіні маңызды", - деді Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева.
Учебники, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2023
Келесі жылы оқушылар цифрлық оқулықтармен 100% қамтылады
Жаңалықтар
0