Келесі жылы оқушылар цифрлық оқулықтармен 100% қамтылады

© Sputnik / Абзал КалиевУчебники, иллюстративное фото
Учебники, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Келесі жылы оқулықтардың жүз пайызы цифрлық форматқа көшіріледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінде оқулықтардың 79%-і цифрлық форматқа көшіріліп, мемлекеттік сараптамадан өтті және оқулықтар тізіміне кірді. Сонымен қатар виртуалды зертханалар мен геймификация элементтері цифрлық контентке енгізілуде.
"Электронды оқулықтарды әзірлеу жұмысына еліміздегі 11-ден аса отандық баспа атсалысты. Пәндерді электронды оқулықтармен 100% қамту 2024 жылға жоспарланған", - деді Бейсембаев үкімет отырысында.
Сондай-ақ мұғалімдер үшін электронды оқулықтарды тиімді пайдалану әдістемелері әзірленіп, оқыту жұмыстары басталған. Цифрлық оқулықтармен қатар мектептерде қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылады.
"Қазіргі күні 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалды. Осы жылдың басынан бері Цифрлық білім беру ресурстарына 6,7 мың мектеп қосылды. Бұл ресурстарды бүгінде күн сайын 3 миллионға дейін оқушы мен мұғалім қолданып келеді", - деді министр.
Ол цифрлық білім ресурстарында барлық сыныпты қамтитын 50 мыңнан аса бейнесабақ жарияланғанын атап өтті. Оқу-ағарту министрлігі электронды білім ресурстарының сурдоаударма және аудио сүйемелдеу арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолжетімді болуын қамтамасыз етуді, цифрлық білім ресурстарын мобильді құрылғыларға бейімдеуді жалғастырады.
Жаңалықтар
0