https://sputnik.kz/20230704/maek-tegi-apat-tergeu-isine-bas-prokuratura-men-uqk-tartylady-36546684.html
МАЭК-тегі апат: тергеу ісіне Бас прокуратура мен ҰҚК тартылады
МАЭК-тегі апат: тергеу ісіне Бас прокуратура мен ҰҚК тартылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) және Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) болған... 04.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-04T17:20+0500
2023-07-04T17:20+0500
2023-08-10T16:58+0500
қоғам
бас прокуратура
ұлттық қауіпсіздік комитеті
тергеу
https://sputnik.kz/img/07e7/07/04/36546797_0:0:1500:844_1920x0_80_0_0_59a1cf1112f4e3649d354a9e1a719e10.jpg
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) және Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) болған апаттардың себептерін тергеу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.Смайылов энергетика министрлігіне апаттардың себептерін егжей-тегжейлі зерттеп, кінәлілерді анықтау үшін сарапшылардан тұратын жұмыс тобын құруды тапсырды. Оның құрамына Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, энергетика министрлігінің энергетикалық қадағалау комитеті, Атырау және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің, "KEGOC", "Самұрық-Энерго", "ҚазМұнайГаз" АҚ өкілдері және тәуелсіз сарапшылар кіреді.Сонымен қатар олапаттардың салдарын жедел жою, Батыс энергетика жүйесін нығайту, оның Қазақстанның Бірыңғай энергожүйесімен интеграциялануы, болашақта осындай жағдайларға жол бермеу үшін генерациялау резервін кеңейту бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды.Үкімет басшысы бір апта ішінде растайтын құжаттар мен ұсынылған шаралар көрсетілген толыққанды қорытынды дайындауды талап етті.Сондай-ақ Смайылов қысқа мерзімде батыс өңірлеріндегі энергетика және мұнай-газ кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды."Біз бұл жағдайдан қорытынды шығаруымыз керек. Энергетика министрлігі барлық мәселенітүбегейлі, жүйелі түрде шешу үшін жұмысты үйлестіруі керек", — деді премьер.Еске салсақ, 3 шілде күні кешке "МАЭК" жылу электр станциясында энергоблоктардың бірі істен шықты. Соның салдарынан Маңғыстау мен Атырау облыстарында өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Олардың арасында Атырау мұнай өңдеу зауыты да бар.
https://sputnik.kz/20230704/maek-tin-zhagdayy-kurdeli-ekenin-bildik--satqaliev-36530817.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/04/36546797_188:0:1313:844_1920x0_80_0_0_87edc69e802cc7c09c2757b289c86214.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, тергеу
бас прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, тергеу
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) және Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) болған апаттардың себептерін тергеу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды
primeminister.kz. Смайылов энергетика министрлігіне апаттардың себептерін егжей-тегжейлі зерттеп, кінәлілерді анықтау үшін сарапшылардан тұратын жұмыс тобын құруды тапсырды. Оның құрамына Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, энергетика министрлігінің энергетикалық қадағалау комитеті, Атырау және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің, "KEGOC", "Самұрық-Энерго", "ҚазМұнайГаз" АҚ өкілдері және тәуелсіз сарапшылар кіреді.
"Ең бастысы болған апаттардың себептерін анықтау керек. Адами фактор болды ма? Бұл ретте тек кешегі оқиғаға байланып қалудың қажеті жоқ. Уақтылы шешім қабылдамау, кейінге ысыру және мәселелерді дер кезінде елемеу осыған жеткізіп отыр. Мұның барлығын объективті түрде анықтау керек", — деді премьер-министр.
Сонымен қатар олапаттардың салдарын жедел жою, Батыс энергетика жүйесін нығайту, оның Қазақстанның Бірыңғай энергожүйесімен интеграциялануы, болашақта осындай жағдайларға жол бермеу үшін генерациялау резервін кеңейту бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды.
Үкімет басшысы бір апта ішінде растайтын құжаттар мен ұсынылған шаралар көрсетілген толыққанды қорытынды дайындауды талап етті.
Сондай-ақ Смайылов қысқа мерзімде батыс өңірлеріндегі энергетика және мұнай-газ кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.
"Біз бұл жағдайдан қорытынды шығаруымыз керек. Энергетика министрлігі барлық мәселенітүбегейлі, жүйелі түрде шешу үшін жұмысты үйлестіруі керек", — деді премьер.
Еске салсақ, 3 шілде күні кешке "МАЭК" жылу электр станциясында энергоблоктардың бірі істен шықты. Соның салдарынан Маңғыстау мен Атырау облыстарында өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Олардың арасында Атырау мұнай өңдеу зауыты да бар.