https://sputnik.kz/20230704/maek-tin-zhagdayy-kurdeli-ekenin-bildik--satqaliev-36530817.html
МАЭК-тің жағдайы күрделі екенін білдік – Сәтқалиев
МАЭК-тің жағдайы күрделі екенін білдік – Сәтқалиев
Sputnik Қазақстан
Әкімдік МАЭК-ке 4,9 млрд теңге сұраған, үкімет биыл 3,1 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады 04.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-04T12:17+0500
2023-07-04T12:17+0500
2023-07-04T12:17+0500
маңғыстау облысы
апат
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0b/33777971_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_a6c11f82985abc8e80ac3725a385e8a3.jpg
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Маңғыстау атом электр комбинатындағы апатқа не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."МАЭК комбинатында жағдай күрделі екенін білдік. Тек компания қызметкерлері ғана емсе, облыс әкімдігі де, мемлекеттік энергобақылау қызметкерлері де мұны түсінді. Осы жағдайды жою үшін әкімдік 4,9 млрд теңге сұрады. Биыл аталған комбинатқа 3,1 млрд теңге қарастырылған", деді Сәтқалиев үкімет кулуарында.Оның айтуынша, МАЭК-тегі апат – кәсіпорынның ұзақ уақыт бойы жеткілікті қаржыландырылмауының салдары. Жабдық тозған, күрделі жөндеу дер кезінде толық жүргізілмеген, жалақы төмен болуына байланысты кәсіби кадрлар жетіспейді.Еске салсақ, 3 шілде күні МАЭК энергоблоктарының бірі істен шықты. Соның салдарынан Маңғыстау мен Атырау облыстарында өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0b/33777971_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_7a259c7ef6e42fd0f8fa215034e466e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, апат
МАЭК-тің жағдайы күрделі екенін білдік – Сәтқалиев
Әкімдік МАЭК-ке 4,9 млрд теңге сұраған, үкімет биыл 3,1 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Маңғыстау атом электр комбинатындағы апатқа не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"МАЭК комбинатында жағдай күрделі екенін білдік. Тек компания қызметкерлері ғана емсе, облыс әкімдігі де, мемлекеттік энергобақылау қызметкерлері де мұны түсінді. Осы жағдайды жою үшін әкімдік 4,9 млрд теңге сұрады. Биыл аталған комбинатқа 3,1 млрд теңге қарастырылған", деді Сәтқалиев үкімет кулуарында.
Оның айтуынша, МАЭК-тегі апат – кәсіпорынның ұзақ уақыт бойы жеткілікті қаржыландырылмауының салдары. Жабдық тозған, күрделі жөндеу дер кезінде толық жүргізілмеген, жалақы төмен болуына байланысты кәсіби кадрлар жетіспейді.
"Осының бәрі апатқа себеп болды. Мұндай апатты жағдайларды жою үшін уақыт қажет екенін түсінуіміз керек. Бұл энергокәсіпорынға арналған жабдық алты айдан сегіз айға дейін дайындалады. Сондай-ақ білікті мердігер ұйымдарды тарту үшін тендер өткізу қажет. Аталған блок бойынша белгілі бір жөндеу жоспарланып, өткізілді. Соңғы шешім комиссияның тексерісінен кейін қабылданады", - деді министр.
Еске салсақ, 3 шілде күні МАЭК энергоблоктарының бірі істен шықты. Соның салдарынан Маңғыстау мен Атырау облыстарында өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.