Өңірлер

"Астана – Петропавл" тасжолында екі көлік соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. "Астана – Петропавл" тасжолында екі автокөлік соқтығысты. Салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Оқиға 2 шілде түнгі сағат 23.00 шамасында болған. Бұланды ауданының полиция бөліміне Алакөл ауылы маңында жол апаты болғаны туралы хабар түсті.
Анықталғандай, "Астана – Петропавл" автожолының 146-шақырымында Toyota Camry көлігінің 32 жастағы жүргізушісі алдында кетіп бара жатқан Toyota Fortuner-мен соқтығысқан. Екінші автокөліктің рөлінде 37 жастағы әйел отырған.
"Жол апаты салдарынан Ақкөл қаласының аудандық ауруханасына Toyota Fortuner жүргізушісі, 81 және 6 жастағы жолаушылары жеткізілді", - деп хабарлайды Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Екі ересек адамға "жабық бас сүйек-ми жарақаты" диагнозы қойылды. Ал алты жасар баланың миы шайқалған.
Бұл факті бойынша сараптама жасалады, апаттың мән-жайы анықталып жатыр. Тексеріс қорытындысы бойынша процессуалды шешім қабылданады.
Жетісу облысындғы жол апатынан екі көлік жанып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2023
Жетісу облысында жол апатынан екі көлік жанып кетті
Жаңалықтар
0