Жетісу облысында жол апатынан екі көлік жанып кетті

© Photo : етісу облыстық полиция департаментіЖетісу облысындғы жол апатынан екі көлік жанып кетті
Жетісу облысындғы жол апатынан екі көлік жанып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 30 маусым - Sputnik. Жетісу облысы Жаркент қаласында жеңіл көлік пен жүк көліктері соқтығысты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты 30 маусымда болды. Toyota Camry жеңіл көлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысқан.
Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Головацкий көшесімен келе жатқан жеңіл көлік жол жиегінде тұрған жүк көлігінің жанар май багына соғылған. Жол апатынан екі көлік те жанып кеткен.
"Оқиға орнында 37 жастағы ер адам қайтыс болды. Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады ведомство.
Қарағанды облысында жүргізуші көлігімен бірге жанып кетті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2023
Оқиға
Қарағанды облысында жүргізуші көлігімен бірге жанып кетті
Жаңалықтар
0