Елорда тынысы

Астананың 25 жылдығына арналған 100 теңгелік монета шығарылды

© Photo : Қазақстанның ұлттық банкіАстананың 25 жылдығына арналған 100 теңгелік монета шығарылды
Астананың 25 жылдығына арналған 100 теңгелік монета шығарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Қазақстан ұлттық банкі 1 шілдеде Астананың мерейтойына орай "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан "ASTANA. 25 JYL" коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ұлттық банк мәліметінше, шақалар 3 шілдеден бастап ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.
"STANA. 25 JYL" монеталары МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңгелік, таралымы – 20 000 дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
КСРО және Қазақстанның халық әртісі Роза Бағланова - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2021
Қоғам
Роза Бағлановаға арналған монета айналымға шығады
Жаңалықтар
0