Қоғам

Роза Бағлановаға арналған монета айналымға шығады

© Sputnik / Иосиф Будневич / Медиабанкке өтуКСРО және Қазақстанның халық әртісі Роза Бағланова
КСРО және Қазақстанның халық әртісі Роза Бағланова - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2021
Жазылу
Номиналы 100 теңгелік мельхиордан соғылған монета "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясын жалғастырады
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан ұлттық банкі ROZA BAǴLANOVA. 100 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты ақпарат ұлттық банктің сайтында қосымша жарияланады.

ROZA BAǴLANOVA. 100 JYL коллекциялық монеталары туралы

Номиналы 100 теңгелік мельхиордан соғылған монета "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясын жалғастырады. КСРО халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы, кеңестің және қазақтың опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың туғанына 2022 жылы 100 жыл толады.
© Photo : Қазақстанның ұлттық банкіROZA BAǴLANOVA. 100 JYL коллекциялық монетасы
ROZA BAǴLANOVA. 100 JYL коллекциялық монетасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
ROZA BAǴLANOVA. 100 JYL коллекциялық монетасы
Монета бетінің (аверсінің) орталық бөлігінде Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген.
Елтаңбаның оң жағы мен сол жағында ою-өрнек элементтері орналасқан. Монетаны айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деген жазу жазылған. Төменгі бөлігінен монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE жазуы бар.
Монетаның екінші бетінде (реверсінде) Роза Бағланованың суреті, портреттің сол жағында мерейтойлық датаны білдіретін  100 JYL деген жазу бар. Монетаны айналдыра "Ах, Самара-городок" әнінің ноталары, ROZA BAǴLANOVA, монетаның шыққан жылын білдіретін "2022" деген жазу бар.
Коллекциялық монета 15 грамм салмақта, brilliant uncirculated сапада, 100 теңгелік номиналмен 15 000 дана болып шықты.
Коллекциялық монета Қазақстанның теңге сарайында жасалған.
ОНазарбаевтың суреті басылған монеталар айналымға шығады 
Жаңалықтар
0