https://sputnik.kz/20230630/zhenis-qasymbek-elordada-avtobus-zholaqysy-nelikten-10-zhyldan-beri-koterilmegenin-aytty-36459894.html
Жеңіс Қасымбек елордада автобус жолақысы неліктен 10 жылдан бері көтерілмегенін айтты
Жеңіс Қасымбек елордада автобус жолақысы неліктен 10 жылдан бері көтерілмегенін айтты
Sputnik Қазақстан
Әкімнің айтуынша, астаналықтар автобуста үш-төрт есе аз төлейді 30.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-30T14:19+0500
2023-06-30T14:19+0500
2023-06-30T14:19+0500
жеңіс қасымбек
автобус
қоғамдық көлік
https://sputnik.kz/img/23/70/237046_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_50294a31c8d787a4ee3c21ab96411836.jpg
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек автобустағы бір билеттің нақты құнын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазіргі кезде қаладағы қоғамдық көлік саласына бюджеттен субсидия бөлініп тұрады. Соның есебінен билет бағасын ұстап отыруға мүмкіндік бар."Астанада жол ақысы 2012 жылдан бері өзгерген жоқ. Содан бері бензин де өсті, жалақы да көтерілді. Автобустың бағасы артты. Бірақ билет құны өзгермеді. Себебі жергілікті бюджеттен субсидия бөлініп тұрады. Субсидия болмаса, автобустағы жол ақысы 300 теңгеден жоғары болады. Электробустарда – 400 теңгеден артық, ал дизель мен бензинмен жүретін автобустарда 250-ден жоғары, 300 теңгеге дейін барады", - деді Қасымбек орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.Оның айтуынша, жыл сайын автобус парктеріне 30 миллиард теңгенің субсидиясы беріледі. Сондықтан билеттің қазіргі құны әлеуметтік бағаға жатады. Әзірше, билет бағасын көтеру мәселесі қарастырылмайды."Жол ақысы көтерілмейді. Әзірге ондай жоспар жоқ", - деп атап өтті қала басшысы.Айта кетері, алдағы уақытта қалаға тағы 400 жаңа автобус жеткізіледі.
https://sputnik.kz/20230630/astanada-kommunaldyq-tarifter-osedi---qala-akimi-36453829.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/23/70/237046_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_f0a165ea23e32c3bb622327203a15ff1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жеңіс қасымбек, автобус, қоғамдық көлік
жеңіс қасымбек, автобус, қоғамдық көлік
Жеңіс Қасымбек елордада автобус жолақысы неліктен 10 жылдан бері көтерілмегенін айтты
Әкімнің айтуынша, астаналықтар автобуста үш-төрт есе аз төлейді
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек автобустағы бір билеттің нақты құнын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде қаладағы қоғамдық көлік саласына бюджеттен субсидия бөлініп тұрады. Соның есебінен билет бағасын ұстап отыруға мүмкіндік бар.
"Астанада жол ақысы 2012 жылдан бері өзгерген жоқ. Содан бері бензин де өсті, жалақы да көтерілді. Автобустың бағасы артты. Бірақ билет құны өзгермеді. Себебі жергілікті бюджеттен субсидия бөлініп тұрады. Субсидия болмаса, автобустағы жол ақысы 300 теңгеден жоғары болады. Электробустарда – 400 теңгеден артық, ал дизель мен бензинмен жүретін автобустарда 250-ден жоғары, 300 теңгеге дейін барады", - деді Қасымбек орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, жыл сайын автобус парктеріне 30 миллиард теңгенің субсидиясы беріледі. Сондықтан билеттің қазіргі құны әлеуметтік бағаға жатады. Әзірше, билет бағасын көтеру мәселесі қарастырылмайды.
"Жол ақысы көтерілмейді. Әзірге ондай жоспар жоқ", - деп атап өтті қала басшысы.
Айта кетері, алдағы уақытта қалаға тағы 400 жаңа автобус жеткізіледі.