Астанада коммуналдық тарифтер өседі - қала әкімі

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Человек моет руки под краном
Человек моет руки под краном  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 маусым - Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек коммуналдық тарифтер 15-20 процентке көтерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әкімнің айтуынша, бүгінде қалада судың бағасы арзан. Басқа өңірлермер салыстырғанда үш-төрт есе төмен.
“Мәселен, судың бір кубметрі 48 теңге тұрады. Алматыда, Қарағандыда және басқа қалаларда 100 теңге, 120 теңге және 150 теңге, жақын тұрған елді мекендерде 200 теңгеден де асады. Осылайша, Астанада судың бағасы үш-төрт есеге төмен болып тұр”, - деді Қасыбек орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, су желілерін күтіп ұстау үшін қосымша қаржы қажет. Осы саладағы мамандардың жалақасын да көтеру керек.
“Сондықтан ондай шараға (тарифті көтеруге - Sputnik) баруға мәжбүрміз. Қазіргі кезде осы мәселеге жауапты мемлекеттік органдармен жұмыс істеп жатырмыз. Орташа есеппен 15-20 процентке көтеруге тапсырыс беріп отырмыз”, - деп атап көрсетті Қасымбек.
Әкімнің айтуынша, коммуналдық тарифтер барлық қызмет бойынша көтеріледі.
Жаңалықтар
0