https://sputnik.kz/20230630/sheteldik-koligin-zandastyrmaq-bolgan-shymkent-turgyny-san-sogyp-qaldy---36465352.html
Шетелдік көлігін заңдастырмақ болған Шымкент тұрғыны сан соғып қалды
Шетелдік көлігін заңдастырмақ болған Шымкент тұрғыны сан соғып қалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Шымкент қаласының тұрғыны мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz. 30.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-30T16:38+0500
2023-06-30T16:38+0500
2023-06-30T16:38+0500
автокөлік
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0a/18619343_0:77:3077:1807_1920x0_80_0_0_20698e8a85389c28bbffe224eebcabdc.jpg
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Шымкент қаласының тұрғыны мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.Мамандандырылған халыққа қызмети көрсету орталығында алдынан бір ер адам шыққан. Ол шетелдік көлікті жылдам заңдастырып бере алатынын айтып, өз қызметі үшін 220 мың теңге сұраған. Жәбірленуші оған сеніп, сұраған ақшасын берген. Бірақ біршама уақыттан кейін көмек беремін деген жігіт байланысқа шықпай кеткен. Телефонды көтермей қойған. Жәбірленуші бірден полицияға арыз түсіреді.Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Күдікті ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді. Одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды."Күдіктінің кінәсін дәлелдейтін айғақтар жиналды. Жақын арада іс-құжаттар айыптау актісімен бірге сотқа жіберіледі", - дейді полицейлер.Айта кетері, шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны 1 шілдеге дейін жүргізіледі. Осығай байланысты соңғы күндері ХҚКО-ларда ұзын сонар кезек. Полиция 1 шілдеге дейін өтініш берген барлық адамның құжаттары қаралатынын тағы бір мәрте еске салды. Шетелдік көлікті заңдастыру құны – 200 мың теңге.
https://sputnik.kz/20230617/sheteldik-kolikterdi-zandastyru-nauqany-ayaqtaluga-zhaqyn---iim-36068774.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0a/18619343_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_c2800a93bfb6758578d79850bc3e6b34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокөлік, алаяқтық
Шетелдік көлігін заңдастырмақ болған Шымкент тұрғыны сан соғып қалды
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Шымкент қаласының тұрғыны мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Мамандандырылған халыққа қызмети көрсету орталығында алдынан бір ер адам шыққан. Ол шетелдік көлікті жылдам заңдастырып бере алатынын айтып, өз қызметі үшін 220 мың теңге сұраған. Жәбірленуші оған сеніп, сұраған ақшасын берген. Бірақ біршама уақыттан кейін көмек беремін деген жігіт байланысқа шықпай кеткен. Телефонды көтермей қойған. Жәбірленуші бірден полицияға арыз түсіреді.
Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Күдікті ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді. Одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
"Күдіктінің кінәсін дәлелдейтін айғақтар жиналды. Жақын арада іс-құжаттар айыптау актісімен бірге сотқа жіберіледі", - дейді полицейлер.
Айта кетері, шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны 1 шілдеге дейін жүргізіледі. Осығай байланысты соңғы күндері ХҚКО-ларда ұзын сонар кезек. Полиция 1 шілдеге дейін өтініш берген барлық адамның құжаттары қаралатынын тағы бір мәрте еске салды. Шетелдік көлікті заңдастыру құны – 200 мың теңге.