https://sputnik.kz/20230617/sheteldik-kolikterdi-zandastyru-nauqany-ayaqtaluga-zhaqyn---iim-36068774.html
Шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны аяқталуға жақын - ІІМ
Шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны аяқталуға жақын - ІІМ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрлігі шетелдік көліктерді заңдастыру науқанының аяқталуына екі апта қалғанын хабарлады. 17.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-17T19:54+0500
2023-06-17T19:54+0500
2023-06-17T19:54+0500
көлік
заң
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18626122_0:149:3115:1901_1920x0_80_0_0_e3c66bea130f646100f7f82ea38b4a21.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрлігі шетелдік көліктерді заңдастыру науқанының аяқталуына екі апта қалғанын хабарлады. Биыл қаңтар айында 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру шаралары басталды. Осы уақытқа дейін 161 мың автокөлік заңдастырылды, тағы 13 мыңнан астам көлік иесі құжат тапсырды. Бұдан бөлек, 7 мыңға жуық автокөлік-конструктор есепке қойылды. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев 1 шілдеге дейін өтінім беруге болатынын еске салды. Одан кейін өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. Заңдастыру мерзімі ұзартылмайды. Ал Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған және заңдастырылмаған автокөліктерді 5 жылға уақытша есепке қоюға рұқсат беріледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18626122_191:0:2922:2048_1920x0_80_0_0_76fcfad6ae59696d859f13aa12dddb98.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік, заң, ішкі істер министрлігі
көлік, заң, ішкі істер министрлігі
Шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны аяқталуға жақын - ІІМ
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрлігі шетелдік көліктерді заңдастыру науқанының аяқталуына екі апта қалғанын хабарлады.
Биыл қаңтар айында 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру шаралары басталды. Осы уақытқа дейін 161 мың автокөлік заңдастырылды, тағы 13 мыңнан астам көлік иесі құжат тапсырды. Бұдан бөлек, 7 мыңға жуық автокөлік-конструктор есепке қойылды.
Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев 1 шілдеге дейін өтінім беруге болатынын еске салды. Одан кейін өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. Заңдастыру мерзімі ұзартылмайды.
"Одан кейін шетелдік есепте тұрған автокөліктерді Қазақстан Республикасының заң талаптарын бұзып пайдалануды жалғастырған азаматтарға тиісті шаралар қабылданатын болады", - дейді Сұлтанбаев.
Ал Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған және заңдастырылмаған автокөліктерді 5 жылға уақытша есепке қоюға рұқсат беріледі.